Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бес жылда 85 мектеп салынбақ

Мәдениет
Бес жылда 85 мектеп салынбақ

Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов бүгінгі күнін мектеп құрылысымен танысуға арнады десек те болады. Алдымен Тұран шағын ауданында мемлекет қаржысына салынып жатқан мектеп құрылысымен танысып, құрылыс сапасы мен мерзіміне, қоғамдық көліктердің қатынасына, мұғалімдерді байқау арқылы қабылдауға бірқатар тапсырмалар берді.

Одан кейін инвестор қаржысына салынып жатқан жекеменшік мектептердің құрылысымен танысты. Дендросаябақ қасында салынып жатқан 450 орындық мектепті және Арғынбеков көшесіндегі мың оқушыға арналған жекеменшік мектепті көрді. М.Әйтеновтің айтуынша, білім саласының инфрақұрылымын шешуде 5 жылдық жоспар жасалыпты. 2025 жылға дейін Шымкентте 85 мектеп ашылмақ екен. Олардың 33-і мемлекет қаржысына салынса,  12-сі мемлекеттік-жекеменшік әріптестікпен, ал  40 мектеп жеке инвесторлар ақшасына салынбақ.
 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу