Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бибісара Асаубаева атақты Карякинді жеңді   

Спорт
Бибісара Асаубаева атақты Карякинді жеңді   

Мәскеуде өтіп жатқан «Шахмат жұлдыздары» халықаралық турнирінде сенсация тіркелді. Блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева рапидте басты фавориті Сергей Карякинді жеңді.  

Ресейлік шахматшы әлемдегі ең мықты гроссмейстердің бірі. Қазіргі уақытта оның 2 739 ұпайы бар. Турнир комментаторларының айтуынша, Бибісара  өзінің ұстамдылығымен Сергейдің мықты қорғанысына төтеп беріп, жеңіске жетті.

Екі мықтының ойыны мазмұны мен  нәтижесі жағынан да турдың деңгейін көтерді. Бибісара бұған дейін осы турнирде Сергей Карякин және Теймур Раджабовпен ойнағысы келетінін бірнеше рет айтқан.

Өз кезегінде ресейлік гроссмейстер мұндағы жалғыз жеңілісінен ұялмайтынын мәлімдеді. «Мен өте жақсы ойнайтын әлем чемпионынан ұтылдым», - деп айтты Карякин ойыннан кейін.

Айта кетейік, бұл жарыстың жүлде қоры 15 миллион рубль. Қазір мұнда әлемдегі ең мықты шахматшылар шеберлік байқасып жатыр.       

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу