Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Ослода өткен Norway Chess 2026 беделді турнирінде мерзімінен бұрын жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Malim.kz.
Турнирдің соңғы алдындағы 9-туры қарсаңында ол жалпы есепте сенімді түрде көш бастап тұрды. Чемпиондық атақты ресімдеу үшін Бибісараға ең жақын қарсыласы – украиналық Анна Музычукпен өткен матчта бір ұпай алу жеткілікті болды.
Классикалық шахматтағы партия тең аяқталды. Ал армагеддонда жеңісті Анна Музычук иеленді.
Соған қарамастан, Асаубаева қажетті бір ұпайды еншілеп, турнирдің соңғы турына дейін-ақ бірінші орынды өзіне кепілдендірді.