1 қыркүйекте Алматыдан басқа өңірлерде Білім күні атап өтіледі
2024-2025 жаңа оқу жылында 345 мың оқушы 1-сыныпқа барады.
Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы – ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы мәлімдеді.
"Құрметті әріптестер! Қадірлі ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар!
Білім күніне арналған салтанатты іс-шара еліміздің барлық өңірлерінде дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте өтеді.
2024-2025 жаңа оқу жылында 345 мың бірінші сынып оқушысы алғаш рет мектеп партасына отырады. Олар үшін 1 қыркүйекте «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында салтанатты шара өтеді.
2 қыркүйекте – жаңа оқу жылының бірінші күні – «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында Бірыңғай сынып сағатымен басталып, әрі қарай сабақ кестесіне сәйкес жалғасады",-дейді М.Амангелдіқызы.
Оның айттуынша, демалыс және мереке күндері жұмыс істеген қызметкердің қалауы бойынша басқа демалыс күні беріледі немесе қызметкердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі бойынша кемінде екі есе мөлшерде ақы төленеді.
Бұған дейін біз Алматы қаласының оқушылары 1 қыркүйекте мектепке бармайтынын жазған болатынбыз.
Фото: zelengarden.ru