freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ауылдағы «Қазпошта» бөлімшелерінің шығынын мемлекет өтейді

Қоғам
Ауылдағы «Қазпошта» бөлімшелерінің шығынын мемлекет өтейді
https://the-tech.kz/

Ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты «Қазпоштаның» шығындары бюджет қаражаты есебінен өтеледідеп хабарлайды Malim.kz.
Бұл үшін арнайы қағидалар бекітілген. Құжатқа сәйкес, ауылдық елді мекендерде мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге жұмсалған шығындарды өтеу қарастырылған.
Өтемақыға қызметкерлердің еңбекақысы ғана емес, материалдық шығындар, салықтар мен міндетті төлемдер, ғимараттарды күтіп ұстау және коммуналдық қызметтерге жұмсалған қаражат та кіреді.
Жыл сайын бюджет бағдарламасының әкімшісі ауыл тұрғындарының мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыстарды айқындайды. Осыдан кейін «Қазпошта» шығын көлемін есептеп, оны растайтын құжаттармен бірге уәкілетті органға ұсынады.
Қаражат бюджетте көзделген көлем шегінде тоқсан сайын өтеледі.
Бұл механизм ауылдық жерлердегі пошта бөлімшелерінің мемлекеттік қызмет көрсету функциясын сақтауға мүмкіндік береді.
Бұған дейін «Қазпошта» ауылдық бөлімшелерді жаппай жабу жоспары жоқ екенін айтқан болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу