Ауыл кітапханаларына Президент атынан кітаптар табысталды

Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Қасым-Жомарт Тоқаев «кітап оқитын ұлт» қалыптастыру қажеттігіне назар аударған болатын

Malim Админ

  • 29.08.2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан 100 ауылдың кітапханасына көркем әдебиеттер сыйға тартылды. Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, мемлекет басшысының тартуы «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» акциясы аясында табысталды.

Еске салайық, Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Қасым-Жомарт Қазақстанда «кітап оқитын ұлтты» қалыптастыру қажеттігіне баса назар аударған болатын.

«Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент бастамасы отандық және әлемдік әдебиеттің соңғы үлгідегі туындыларын шалғайдағы ауыл кітапханаларына жеткізіп, өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталып отыр.
Кітаптар еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, соғыс ардагерлерінің, белгілі қаламгерлер мен мәдениет майталмандарының, ғалымдардың туып-өскен ауылдарына жолданды.
Акция аясында Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің, қазақтың қаһарман қыздары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәмбетова, Хиуаз Доспанованың, талантты актер әрі режиссер Шәкен Аймановтың, көрнекті ақын Ілияс Жансүгіровтің, жазушы Герольд Бельгердің туып-өскен ауылдарындағы кітапхана қорлары толықты.
Сондай-ақ Шәмші Қалдаяқов, Қасым Аманжолов, Кемел Ақышов, Әбіш Кекілбайұлы, Фариза Оңғарсынова, Әбілхан Қастеев, Біржан сал, Сәкен Сейфуллин, Төлеу Көбдіков, Кенен Әзірбаев секілді белгілі тұлғалардың және басқа да бірқатар ауылдарға кітаптар топтамасы жолданды. Ауыл кітапханаларына берілген кітаптар арасында әлем және қазақ әдебиетінің үздік шығармалары, балалар әдебиетінің жауһарлары, комикстер, қазіргі заманғы проза мен поэзия, тарихи, танымдық-ағартушылық әдебиеттер бар. Мемлекет басшысының атынан барлығы 100 ауылға 10 мың кітап сыйға берілді.
«Ауыл кітапханаларына – 100 кітап» акциясына Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, министрлер, түрлі ұйымдардың басшылары мен белсенді азаматтар қолдау көрсетуде. Акция әлі жалғасады. 

Фото: akwatoria.ru 

Байланысты жаналықтар

Германияда 30 жыл өмір сүрген ер адам СҚО-дағы ауылына оралды

02.05.2025

Ауылға баратын дәрігерлерге 8,5 млн теңге беріледі

29.04.2025

Қазақстанда ең көп кітапхана қай өңірде орналасқан?

23.04.2025

Ұлттық кітап күні: 500 метрлік гүлзар алаңында ақтөбеліктер кітап әлеміне саяхаттады

23.04.2025

Астанада халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

15.04.2025

«Бір жерде дәретхана жоқ». Мақпал Жүнісова Шелек ауылының әкімдігін сынады

07.04.2025
MalimBlocks
Германияда 30 жыл өмір сүрген ер адам СҚО-дағы ауылына оралды

Ауылға баратын дәрігерлерге 8,5 млн теңге беріледі

Қазақстанда ең көп кітапхана қай өңірде орналасқан?

Ұлттық кітап күні: 500 метрлік гүлзар алаңында ақтөбеліктер кітап әлеміне саяхаттады

23 сәуірде Ұлттық кітап күнінде және ұлы ақын Абайдың 180 жылдығы қарсаңында Ақтөбеде ерекше шара өтті

Астанада халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

«Бір жерде дәретхана жоқ». Мақпал Жүнісова Шелек ауылының әкімдігін сынады

Ол ауылда мүлде жағдай жоқ екенін айтты.