Білім сапасы төмен ЖОО-лар қысқартылады

13 жоғары оқу орнына қатысты мемлекеттік бақылау өткізілді

Malim Админ

  • 09.12.2024

Ғылым және жоғары білім министрлігі жекеменшік жоғары оқу орындарындағы білім сапасына қатысты кемшіліктер анықталғанын мәлім етті.

— Министрлік сапасыз білім беретін жоғары оқу орындарын қысқарту бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Жалпы, бақылау шараларынан профилактикалық шараларға назар аударылып отыр. Бұл өз кезегінде Мемлекет басшысының 2020 жылғы қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасын орындау аясында «таза парақтан» жаңа реттеушілік саясатының тәсілдеріне сәйкес келеді. Тексеруден профилактикалық шараларға өту, тәуекелдерді басқару және бағалау жүйесін автоматтандыру, тексерулер үшін жоғары оқу орындарының тізімі мен кестесін адамның қатысуынсыз қалыптастыру — министрлікке 2024 жылдан бастап тек проблемалық жоғары оқу орындарына назар аударуға мүмкіндік береді, — делінген Ғылым министрлігінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Бұл тұрғыда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылған «таза парақтан реттеу» саясаты аясында «Smart Data Ukimet» ақпараттық жүйесінде автоматты режимде қалыптастырылған мемлекеттік бақылау тізімінде 13 жоғары оқу орнына қатысты мемлекеттік бақылау өткізілді. Соның нәтижесінде білім беру қызметінде талаптарды бұзу деректері анықталды.

— Білім беру саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін ЖОО-ларға қатысты кадрларды даярлаудың 16 бағыты бойынша лицензияға қосымшалардан айыра отырып, әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жазалау шаралары қабылданды, — деп нақтылады ведомство.

Еске салсақ, бірнеше жыл бұрын Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында министрлік сапасыз білім беретін жоғары оқу орындарының қызметін тоқтату бойынша жұмысты бастады.

Фото: mounb.ru

 

Байланысты жаналықтар

Мұхаметжан Тынышпаевтың ұлы Дәулет Тынышпаев өмірден өтті

09.12.2024

Оқушылар қысқы демалыста неше күн демалады?

06.12.2024

«Болашақ» бағдарламасы бойынша кімдер бакалавриатта оқи алады

04.12.2024

Мемлекет балалардың білім алуы үшін ашылған депозитке ақша салмақ

13.11.2024

Кітап оқудың парқы

04.11.2024

Оқушылар күзгі демалыста неше күн демалады?

23.10.2024
MalimBlocks
Мұхаметжан Тынышпаевтың ұлы Дәулет Тынышпаев өмірден өтті

Дәулет Мұхаметжанұлы – 150-ден аса ғылыми еңбектер мен авторлық куәліктердің иесі

Оқушылар қысқы демалыста неше күн демалады?

Оқушылар қыста екі рет демалады

«Болашақ» бағдарламасы бойынша кімдер бакалавриатта оқи алады

Мемлекет балалардың білім алуы үшін ашылған депозитке ақша салмақ

Мемлекет тарапынан автоматты түрде 60 АЕК (220 мың) теңге көлемінде қаражат құйылады

Кітап оқудың парқы

Кітап адамды ой түзуге үйретіп, мейірімділікке шақырады. Көзді ашады, оқығанды жақындастырады. Білгенімізге жаңа білім қосып, жадты жаңғыртуға көмектеседі.

Оқушылар күзгі демалыста неше күн демалады?

Олардың демалысын тиімді өткізу үшін "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары ұсынылады