Биыл қандай мамандыққа көп грант бөлінетіні белгілі болды

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінен мәлім етті

Арман Қайыпхан

  • 20.06.2024

2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік тапсырыс аясында 112 мың грант бөлінеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған ел экономикасының салалары үшін кадрларға қажеттілікке орта мерзімді болжам негізінде, экономика салаларының үрдістері, сондай-ақ «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, орталық мемлекеттік органдар мен өңірлік әкімдіктердің ұсынған қажеттілік негізінде қалыптастырылады. Жоғары білім берудің барлық деңгейлері бойынша 2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік тапсырыс аясында 112 мың грант (бакалавриат - 79 мыңға жуық грант, магистратураға -13 мыңға жуық, докторантура -1 900 астам грант) бөлінген, - деп атап өтеді ведомстводан агенттіктің ресми сауалына орай.

2024 жылғы 18 наурыздағы №118 ҚР Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығымен мемлекеттік білім гранты үш жылға бекітілген.

Гранттардың басым бөлігі «Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары» білім беру бағдарлама топтарына, «Педагогикалық ғылымдарға», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» саласына және «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бағытына тиесілі, - деп нақтылады министрліктен.

Фото: freepik

Байланысты жаналықтар

Медициналық кітапшаны онлайн алуға болады

10.02.2025

Қандай пәндердің мұғалімдері әлсіз? Министр Бейсембаев ұстаздардың осал тұсын айтты

08.02.2025

Мемлекеттік емес БАҚ арасында гранттар конкурсы өтеді

08.01.2025

Авиация, теміржол, кеме қатынасындағы кадр тапшылығына назар аудару қажет – Олжас Бектенов, премьер-министр

08.01.2025

Бірқатар азаматтық сала қызметкерлерінің жалақысы 20%-ға өседі

06.01.2025

Білім сапасы төмен ЖОО-лар қысқартылады

09.12.2024
MalimBlocks
Медициналық кітапшаны онлайн алуға болады

Қандай пәндердің мұғалімдері әлсіз? Министр Бейсембаев ұстаздардың осал тұсын айтты

Бұл білім беру бағдарламалары қайта қарауды талап етеді

Мемлекеттік емес БАҚ арасында гранттар конкурсы өтеді

Байқау үш түрлі бағытта ұйымдастырылады

Авиация, теміржол, кеме қатынасындағы кадр тапшылығына назар аудару қажет – Олжас Бектенов, премьер-министр

Үкімет «Жұмысшы мамандықтары жылын» өткізу іс-шаралар жоспарын бекітті

Бірқатар азаматтық сала қызметкерлерінің жалақысы 20%-ға өседі

Сөйтіп 2022 жылмен салыстырғанда 2 есеге ұлғаяды

Білім сапасы төмен ЖОО-лар қысқартылады

13 жоғары оқу орнына қатысты мемлекеттік бақылау өткізілді