«Болашақ» бағдарламасын жабу керек пе? Қоғам пікірі екіге жарылды

«Болашақ» жабылса, жылдық табысы 10 мың долларға да жетпейтін қазақстандықтарға обал болады.

Олжас Қасым

  • 07.06.2024

Осы аптада өткен Мәжіліс отырысында Ирина Смирнова «Болашақ» бағдарламасы қажет емес» деген пікір айтты. Депутат аталған білім жобасы өзіне жүктелген міндетін орындамай отырғанын алға тартады, деп хабарлайды Malim.kz.

                              Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова  

«Түрлі кәсіпорындарда болдым, кәсіпте, өндірісте жұмыс істеп жүрген «Болашақтың» бір түлегін көрген емеспін. Олар басқа орындарда, гуманитарлық салаларда жұмыс істейді. Оқып алды, өз қалағанына қол жеткізді, бірақ мемлекет ешқандай пайда көрген жоқ. Мен бұл бағдарлама қажет емес деп санаймын. Шетелде онсыз да ақысыз гранттар көп. Оқысы келген адам өз есебінен оқысын. Біздің елді жайына қалдырсын», - дейді Ирина Смирнова.

Депутаттың айтуынша, бұл қаражатты тиімді жұмсаудың басқа да жолдары бар.

Ол одан да құлайын деп тұрған және әжетханасы далада орналасқан мектептерге ақша бөлінсін деген пікірде.

Ал «Болашақ» түлегі, саясаттанушы Шалқар Нұрсейітов бағдарламаны жабу туралы әңгіме бүгін шықпағанын айтады. Бұған қатысты ойын ол facebook парақшасында жазды.

                "Болашақ" бағдарламасының түлегі Шалқар Нұрсейітов  

«Болашақпен» тек Байбек-Бишімбаев-Абдрахимовтар оқыған жоқ. «Болашақ» жабылған күннің өзінде ығай мен сығайдың бала-шағасы бәрібір шетелге барып оқып келеді. Керек болса, сонда еш уайымсыз қала алады. Ал «Болашақ» жабылса, ең алдымен, білімге, дамуға құштар, өзінің немесе әке-шешесінің жылдық табысы 10 мың долларға да жетпейтін қазақстандықтарға обал болады. Байқағаным – сабағын жақсы оқитын да, елге бірден қайтатын да, «отработкасын» адал орындайтын да солар.

«Болашақ» идеал бағдарлама емес. Бірақ әлсіз тұстарын күшейтуге келетін бағдарлама. Сондай-ақ «ақшаны желге шашу» деген популистік желеумен жауып тастайтын проект емес. Мемлекеттік бюджеттің түбі көрінсе, себебін елдегі санаулы тиімді жобалардан емес, экономикада құрылымдық өзгерістер жасай алмай отырған авторитар режимнен іздеңіздер», - дейді ол.

Айта кетейік, халықаралық «Болашақ» стипендиясы 1993 жылы 5 қарашада экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен құрылған. 21 жыл ішінде «Болашақ» бойынша қазақстандық 12 897 маман білім алған.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

16.05.2025

Таразда депутат соққыға жығылды

14.05.2025

Биыл түлектер емтиханды қай күндері тапсырады?

11.05.2025

Қазақстанда жаңа банкнот айналымға шығады

08.05.2025

Колледждерге берілетін қаржы екі есе артады

06.05.2025

Қазақстанда Жеңістің 80 жылдығына орай монеталар шығады

06.05.2025
MalimBlocks
ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

Таразда депутат соққыға жығылды

Биыл түлектер емтиханды қай күндері тапсырады?

Қазақстанда жаңа банкнот айналымға шығады

Колледждерге берілетін қаржы екі есе артады

Қазақстанда Жеңістің 80 жылдығына орай монеталар шығады