Бүгін қаңтар ҰБТ-сы басталды. Оған 167 мыңға жуық өтініш түскен

ҰБТ тапсырушылардың 76,7%-ы қазақ тілін таңдаған

Мәди Саматұлы

  • 13.01.2025

Бүгін қаңтар айында өтетін ҰБТ басталды, ол 10 ақпанға дейін жалғасады. ҰБТ-ға қатысуға 167 мыңға жуық адам өтініш берген, деп хабарлайды Malim.kz.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, олардың 76,7%-ы қазақ тілінде, 23,2%-ы орыс тілінде, 142 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтпекші.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, талапкерлер өтініш беру барысында тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдаған. Тестілеудің бірінші күні еліміз бойынша 2277 адам, оның ішінде елордада 155 талапкер ҰБТ тапсырады.

Ең көп таңдалатын бейіндік пәндер комбинациясы бірнеше жыл қатарынан өзгеріссіз қалып отыр. Талапкерлердің 17,5%-ы «Математика-Физика» комбинациясын таңдаған. Яғни, бұл болашақ инженерлер, механиктер, мұғалімдер, техниктер мен технологтар, энергетиктер, құрылысшылар. Ал 17,3%-ы «Биология-Химия», 10,3%-ы «Математика-Информатика» пәндерін таңдады, сәйкесінше болашақ медицина қызметкерлері мен IT мамандары, деді министр Саясат Нұрбек.

ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни, үшеуі міндетті және екеуі таңдау пәндері. Тапсырмалар саны – 120. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығынан» 10 тапсырма, «Математикалық сауаттылықтан» 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырмадан. Жоғары балл – 140.

Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қосымша 40 минут ұсынылады.

Естеріңізге сала кетсек, қаңтардағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, жазғы ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамағандар, шығармашылық ББТ-дан басқа дайындық бағыттарына, педагогикалық бағытқа ақылы негізде ауысқысы келетіндер, сондай-ақ, мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады.

Фото: Informburo.kz

Байланысты жаналықтар

Көктөбеде төбелескен шетелдік студенттер елден қуылады

08.01.2025

Елімізде бүгін тамыз ҰБТ-сы басталды

10.08.2024

Талапкерлер Ғылым және жоғары білім министрлігін сотқа бермек

09.08.2024

«Грант алу мүмкіндігі әлі де бар». Министр Саясат Нұрбек гранттан құр қалған түлектерге кеңесін айтты

04.08.2024

«Жыл дуэті»: ҰБТ-да 1 балл мен 140 балл жинаған түлектер кездесті

31.07.2024

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024
MalimBlocks
Көктөбеде төбелескен шетелдік студенттер елден қуылады

Елімізде бүгін тамыз ҰБТ-сы басталды

Тестілеуге қатысу үшін 21 мыңнан астам өтініш қабылданған

Талапкерлер Ғылым және жоғары білім министрлігін сотқа бермек

Талапкерлерге заңгер көмектесуге дайын.

«Грант алу мүмкіндігі әлі де бар». Министр Саясат Нұрбек гранттан құр қалған түлектерге кеңесін айтты

Ол грант иеленудің бірнеше жолын көрсетіп берді

«Жыл дуэті»: ҰБТ-да 1 балл мен 140 балл жинаған түлектер кездесті

Түлектердің кездесуіне көпшілік таңғалған.

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды