«Грант алу мүмкіндігі әлі де бар». Министр Саясат Нұрбек гранттан құр қалған түлектерге кеңесін айтты
Ол грант иеленудің бірнеше жолын көрсетіп берді
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мемлекеттік грант иелене алмаған талапкерлерге әлі де грант ұтып алу мүмкіндігі туралы айтып берді, деп хабарлайды Malim.kz.
Оның сөзінше, су тасқынынан зардап шеккен аймақтар үшін квота қарастырылғанымен, сол аймақтардың талапкерлері жалпы конкурс бойынша грант ұтып алды. Грант алғандардың тек 1130-ы немесе 1,7%-ы мүмкіндікті пайдаланды. Бұл аймақтарды қолдау үшін талапкерлерге дайындалу және конкурсқа құжаттарын тапсыру үшін мерзімі кеңейтіліп, конкурсқа ең жақсы ҰБТ нәтижесі бар сертификатын ұсыну мүмкіндігі берілді.
Жоғары балл жинаған 10 мыңнан астам адам грант ала алмады, оның ішінде 7 мыңнан астамы шығармашылық мамандықтарда.
Мысалы, дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау бойынша 1 орынға 11 адам, сән және дизайн бойынша 9 адам, ал стоматологияға 1 орынға 35 адамнан келді. Құрметті түлек, қадірлі ата-ана! Грант алу мүмкіндіктеріңіз қайталап жазам, әлі де бар, дейді ол.
Соған байланысты мына мүмкіндіктерді пайдаланып қалуға шақырады:
3 мыңға дейін талапкер гранттан бас тартуы мүмкін, олар келесі жоғары балл жинаған талапкерлерге беріледі;
Жергілікті атқарушы органдардың яғни әкімдік гранттары бар;
KazEnergy қауымдастығының гранттарын қосыңыз;
Х.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-де білім алу үшін Түркия Республикасының 500 гранты;
Жұмыс берушілердің гранттары:
Түркістандағы Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті 800 мақсатты грант ұсынады;
Қазақстан халқына қоры 850 грант бөледі;
Ректорладың гранты, мысалы Тұран-Астана университеті Алтын белгі иегерлеріне гранттар бөліп жатыр;
Сессия қорытындысы бойынша бос грант алу мүмкіндігі және бар.
Грант ала алмаған түлектерді осы жоғарыдағы мүмкіндіктерді барынша пайдалануға шақырамыз, деді министр.
Фото: gov.kz