Мектептер мен колледждерде «111» байланыс орталығының QR-кодтары іске қосылды

QR-кодтар арқылы «111» байланыс орталығына сұрау жібере алады

Мәди Саматұлы

  • 20.01.2025

Қазақстанның барлық мектебі мен колледжінде «111» байланыс орталығының QR-кодтары іске қосылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Биылғы қаңтардан бастап мектептер мен колледждерде Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен бірлесіп «111» байланыс орталығына қолжетімділікті арттыру үшін арнайы QR-кодтар енгізілді. Оқу-ағарту министрлігінің мәлімдеуінше, бұл орталық отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауда құқықтық, ұйымдастырушылық және психологиялық көмек көрсетеді.

Енді «111» нөміріне қоңырау шалу мүмкіндігінен басқа, балалар мен олардың ата-аналары QR-кодтар арқылы сұрау жібере алады. Олар барлық білім беру ұйымында, балалар үшін қолжетімді орындарда, сондай-ақ, автобус аялдамаларында орналасқан. Аталған жаңалық көмек алудың қолайлылығы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Бұрын балалар байланыс орталығына тек телефон арқылы ғана хабарласа алатын, ал енді олардың QR-кодтар арқылы сұрау жіберу мүмкіндігі бар. Бұл қолдауға жүгіну процесін айтарлықтай жеңілдетеді, оны неғұрлым ыңғайлы және қолжетімді етеді. QR-кодтар қажетті ақпарат пен көмекті жылдам және анонимді алуға мүмкіндік береді, бұл балалардың сауалдары мен мәселелеріне жедел ден қоюға мүмкіндік береді, деді Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша «111» байланыс орталығына балалардан мыңға жуық өтініш түскен. Оларға анықтамалық ақпарат беріліп, психологиялық қолдау көрсетіліп, мемлекеттік органдармен ынтымақтастықта уақытылы көмек ұйымдастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың шілдесінде Мемлекет басшысы қабылдаған әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заң аясында «111» байланыс орталығының қызметі бекітілген болатын.

Фото: freepik.com

Байланысты жаналықтар

Бейнеу мектебіндегі оқушылар неден уланғаны анықталды

12.04.2025

Мектептерде оқушыларға телефон қолдануға тыйым салынбақ

11.04.2025

Мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізу ұсынылды

10.04.2025

Қазақстанның 1100 мектебінде дрон ұшыру оқытылады

08.04.2025

СҚО-да ата-аналар баласын қазақ сыныбына бере алмай жүр

05.04.2025

Маңғыстау облысында тағы оқушылар уланды

03.04.2025
MalimBlocks
Бейнеу мектебіндегі оқушылар неден уланғаны анықталды

Мектептерде оқушыларға телефон қолдануға тыйым салынбақ

Франция орта мектептерде ұялы телефонға тыйымды күшейтеді

Мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізу ұсынылды

Бас прокурор Берік Асылов мектеп бағдарламасына "Заң және тәртіп" атты жаңа пән енгізуді ұсынды

Қазақстанның 1100 мектебінде дрон ұшыру оқытылады

СҚО-да ата-аналар баласын қазақ сыныбына бере алмай жүр

Солтүстік Қазақстан облысында ата-аналар баласын қазақ сыныбына бере алмай сенделіп жүр. Бұған себеп - өңірдегі мектеп тапшылығы. Мәселен, Белое ауылының оқушылары ана тілін үйрену үшін қалаға қатынауға мәжбүр

Маңғыстау облысында тағы оқушылар уланды