Қазақстанда жаңа мамандықтар пайда болады

Сұлу Бөлек

  • 03.05.2025

Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін мамандарды даярлау жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінде дефектологтар, логопедтер, нейропсихологтар, әлеуметтік педагогтар секілді мамандарға сұраныс ерекше жоғары. Арнайы педагогика саласындағы мамандарды еліміздегі 17 жоғары оқу орны дайындайды.

2024–2025 оқу жылына мемлекеттік тапсырыс бойынша: бакалавриатқа – 656, магистратураға – 150, докторантураға – 13 грант бөлінді, – делінген Көшербаевтың депутаттық сауалға берген жауабында.

Білім беру бағдарламаларының тізіліміне 62 бағыт енгізілген. Олардың қатарында:
– «Арнайы педагогика»,
– «Аутизм спектрі бұзылыстары бар балаларды сүйемелдеу»,
– «Тифлопедагогика» (көру қабілеті бұзылған балалармен жұмыс),
– «Инклюзивті білім беру»,
– «Ерте қолдау педагогикасы»,
– «Эрго-педагогика» және тағы басқалары бар.

Сондай-ақ арнайы білім беру бойынша кәсіби стандартқа жаңа мамандықтар енгізілген:
– ерте қолдау педагогы,
– эрго-педагог,
– қарым-қатынас пен әлеуметтік бейімделуінде қиындықтары бар балалармен жұмыс істейтін педагог,
– психикалық дамуы кешеуілдеген және оқуда қиналатын балалармен жұмыс істейтін педагог.

Фото:depositphotos.com

Байланысты жаналықтар

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

12.05.2025

Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?

12.05.2025

Мұнай бағасы құлдырады. ОПЕК+ Ресейді дағдарысқа әкеле ме?

10.05.2025

Қазақстан спорт рейтингінде қай орынға жайғасты?

09.05.2025
MalimBlocks
Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?

Мұнай бағасы құлдырады. ОПЕК+ Ресейді дағдарысқа әкеле ме?

АҚШ, Бразилия, Иран сияқты елдер өндірісті ұлғайтып отыр

Қазақстан спорт рейтингінде қай орынға жайғасты?