Шымкентте 500 балаға арналған жаңа Оқушылар сарайы ашылды

Онда балалардың қосымша білім алуына барлық жағдай жасалған

Мәди Саматұлы

  • 26.01.2025

Шымкентте Тұран шағын ауданындағы Оқушылар сарайы қолданысқа берілді. Жалпы ауданы 9 881,9 шаршы метр құрайтын үш қабатты ғимарат 1 аусымда 500 орынға лайықталған, деп хабарлайды Malim.kz.

Заманауи талапқа сай бой көтерген жаңа нысанды аралап көрген қала әкімі өскелең ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына қолайлы жағдай жасау басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ, жауаптыларға жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды тапсырды.

Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа қосымша білім беру мекемесінде 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың қосымша білім алуына барлық жағдай жасалған.

Оқушылар үшін бассейн, интерактивті кітапхана, керамика үйірмесі, 3D-модельдеу және Lego кабинеттері қарастырылған. Биотехнологиялық және гуманитарлық блоктарда балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін фотостудия, бейне студия және журналистика үйірмелері орналасқан.

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Байланысты жаналықтар

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

«Денесін достары алып келген»: Маңғыстауда 11 сынып оқушысы түсініксіз жағдайда көз жұмды

13.04.2025

Шымкент және Тараз тұрғындары жер сілкінісін сезді

13.04.2025

Бейнеу мектебіндегі оқушылар неден уланғаны анықталды

12.04.2025

Тоқаев Шымкентке барды

11.04.2025

Есірткі сатқан футболшы мен актер ұсталды

10.04.2025
MalimBlocks
"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

«Денесін достары алып келген»: Маңғыстауда 11 сынып оқушысы түсініксіз жағдайда көз жұмды

Шымкент және Тараз тұрғындары жер сілкінісін сезді

Бейнеу мектебіндегі оқушылар неден уланғаны анықталды

Тоқаев Шымкентке барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласына барды

Есірткі сатқан футболшы мен актер ұсталды

Шымкентте жергілікті футбол командаларының бірінде ойнаған шетелдік есірткі сатқаны анықталды