Түлектерге мансап жолын таңдауға көмектесу үшін жаңа платформа іске қосылады

Мектеп түлектері үшін мансап жолын таңдауға көмектесу үшін Қазақстанда "Мансап компасы" платформасы іске қосылды, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Үкімет отырысында жазғы демалыс кезінде жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларын қоғамдық жұмыстармен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады.
Ол жергілікті атқарушы органдардың жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына жазғы демалыс кезінде қоғамдық пайдалы жұмыстарын ұйымдастыру тәжірибесі жалғасатынын атап өтті.
Оқушылар үшін қоғамдық жұмыстардың ерекшеліктері:
- ● толық емес жұмыс күні немесе икемді кесте бойынша жұмысты ұйымдастыру мүмкіндігі;
- ● аймақ үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық пайда;
- ● арнайы білімі жоқ адамдарға уақытша жұмысқа орналасу мүмкіндігі.
Айлық жалақысы 24 АЕК-тен кем емес (2025 ж. – 94 368 теңге)
"Қолайлы мансап жолын таңдауға көмектесу үшін "Мансап компасы" платформасы жұмыс істейді, ол мансаптық бағдарлау тестілері арқылы мансаптық қызығушылықтарды анықтауға, сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат алуға, оқу орнын таңдауға мүмкіндік береді. Біз алдымызға бос жұмыс орындарына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету міндетін қоямыз", — деп атап өтті Светлана Жақыпова.
Фото: Pixabay.com