Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Білім саласында бес бағытқа басымдық беріледі

Мәдениет
Білім саласында бес бағытқа басымдық беріледі

Шымкентте білім саласын дамытуда бес бағытқа басымдық берілген. Олар: кадрлық әлеуетті дамыту, мектепке дейінгі білім беру саласын дамыту, орта білім беру саласын дамыту, техникалық және кәсіби білім саласын дамыту, инфрақұрылым және материалдық-техникалық базаны дамыту.

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновке «ҚР Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес 2021 жылдың I тоқсанда атқарылған жұмыстарға есеп берген білім басқармасының басшысының есебі бойынша, алға қойған мақсаттарды жүзеге асыруда білім саласына биыл 133,3 млрд теңге бөлінген.

Бұл былтырғыдан 19,5 млн. теңгеге артық (2020 жылғы қаржы  113,8 млрд теңге).

Бүгінгі таңда игерілгені –30 421,8 млн теңге. Онда 95 химия кабинеті, 82 биология кабинеті, 50 физика кабинеті, 13 STEM кабинеттер, 23 робототехника кабинеті, 7 логопед кабинеті мен интерактивті тақталар алу, бейнекамералар алуға конкурс жарияланыпты.  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу