Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бір миллионның сертификаты тегін берілмек

Экономика
Бір миллионның сертификаты тегін берілмек

Шымкент қаласы әкімінің қолдауымен 300 тұрғынға 1 миллион сертиифкат берілмек. Тұрғын үй сертификаты! Бұл істі тұрғын үй басқармасы жүргізеді.  Жергілікті бюджеттен жалпы сомасы 300 млн теңге бөлінген. Қайтарымсыз бұл көмек кімге беріледі? Мақсаты не?

Бір миллиондық сертификат алғысы келетін адам біріншіден, Ұлттық Банк бекіткен ипотекалық бағдарламаға немесе мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысып, әлгі 1 миллиондық теңгені тұрғын үй алудағы бастапқы жарнаның бір бөлігіне жұмсауы тиіс.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, бұл бағдарламаға Шымкент мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт мамандары, құқық қорғау қызметкерлері, мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар қатыса алады.

Ниет білдірген азаматтарға толық ақпарат беру үшін арнайы  www.kezekte.kz сайтыда ашылған. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу