freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бір отбасының өлімі: екі мүрде табылған үйдің иесіне жалдау ақысы бейтаныс адамнан түсіп отырған

Құқық
Бір отбасының өлімі: екі мүрде табылған үйдің иесіне жалдау ақысы бейтаныс адамнан түсіп отырған
Әлеуметтік желіден

Қызылқоға ауданында ата-енесін, ал Атырау қаласында әйелінің бауырларын өлтірді деген күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Кезекті отырыста бірнеше куә жауап берді.

Сот отырысында күдіктіге Мұнайшы ықшамауданындағы үйін жалға берген азамат куәлік етті. Оның айтуынша, отбасы аталған баспананы 2023 жылдан бері жалдап тұрған.

Куәгердің сөзінше, ай сайынғы 50 мың теңге көлеміндегі жалдау ақысы белгісіз азаматтан Kaspi Gold арқылы түсіп отырған. Алайда белгілі бір кезеңдерде отбасы үйді жалдамай қалған.

Сотта куә болған үй иесі өткен жылдың 7 желтоқсанында үй иесі Сұлтан Сарсемалиевпен хабарласқан. Сол кезде күдікті әйелін емдетіп жүргенін айтып, енді үйді жалдамайтынын жеткізген.

Істі қарап жатқан судья Зарема Хамидуллина куәгердің тергеу барысында берген түсініктемесін оқып берді.

– Мен үйге қажет болған кезде ғана барып жүрдім. Әйелін бір-ақ рет көрдім, оның өзінде сыртынан ғана байқадым. Балаларын мүлде көрген емеспін. Әйелі орамалда еді. Шамамен 27 желтоқсанда үйге барып, есік алдындағы тастың астында тұрған кілттерді алдым. Үйдің ішін қарағанда ешқандай шашылған заттар немесе дақтар байқалмады. Үйді тазалап кеткенін көрдім, – делінген куәгердің жауабында.

Сондай-ақ үй иесі сотта мәйітті орауға пайдаланылған кілемнің өзіне тиесілі емес екенін айтты. Оның сөзінше, ауладағы душтың ішінде екі күрек пен бір айыр тұрған.

Бұдан бөлек, сотта Сұлтан Сарсемалиевтің жездесі де жауап берді. Ол балдызының тұйық мінезді болғанын және отбасын ойлап жүретінін айтты. Алайда куәгер олардың арасындағы қарым-қатынас жақсы болғанымен, Сәрсемалиевпен ажырасудың нақты себебі және отбасындағы түйткілдер туралы сөйлеспеген.

Жалпы сотқа дейінгі тергеу кезінде күдіктінің 2 адвокаты болған. Қазір Сұлтан Сәрсемалиевті біреуі қорғап жатыр. Адвокат Асан Жұмабаев сотталушыны қазір кінәлі деп айтуға ерте дейді.

- Адвокат әлеуметтік көмек ретінде, қоғамдық , қайырымдылық негізде тегін көмек көрсете алады. Мен қазір ақысыз қызмет көрсетіп отырмын. Бұл бойынша туысқандарымен жасалған келісімшарт бар, - деп пікір білдірді күдіктінің қорғаушысы.

Бүгінгі сот отырысына қалған екі куә қатыспады. Оларды келесі процеске қатыстыру міндеті полиция департаменті мен прокуратура өкілдеріне жүктелді. 24 куәнің басым бөлігі сот залына келіп білгенін айтса, кейбірі онлайн қосылды.

Айта кетейік, келесі сот отырысы 4 маусымға белгіленді.

Күдікті 2024 жылы кәсіпкерлік нысандардың бірінде жалдамалы жұмысшы болып, жер қазып, қоқыс шығарған. Сұлтан мен жұмыс берген кәсіпкер бір ықшамауданда тұрған. Ара-тұра бір-бірін көргеннен кейін аға-іні болып араласқан. Куә сол кезде Сұлтан Сәрсемалиевтің қара жұмысқа икемді, қолы машықтанған, жерді жалғыз өзі қазған. 

Бұған дейін негізгі сот отырысында айыпталушы Сұлтан Сәрсемалиев сотта қайынағасы Наурыз Мұқанғалиевті қасақана емес, өзін-өзі қорғау мақсатында өлтіргенін мәлімдеді. 

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу