Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресейдің бірқатар аймағында интернет істен шықты

Әлем
Ресейдің бірқатар аймағында интернет істен шықты
Фото: Steinach/IMAGО

Ресейдің бірқатар өңірлерінде екінші тәуліктен бері «Ростелеком» компаниясы ұсынатын сымды интернетте айтарлықтай проблемалар байқалып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Downdetector қызметінің дерегінше, 15 қараша, сенбі күні ең көп шағым Владимир, Иваново, Кострома және Ярославль облыстары тұрғындарынан түскен. Интернетке қол жеткізе алмау жағдайы Мурманск облысында, Ямало-Ненец автономиялық округінде және Краснодар өлкесінде де тіркелген. 16 қараша, жексенбі түнде және таңертең Ростелеком интернетіне қатысты мәселелер туралы Марий Эл, Удмуртия, Амур, Белгород, Курск, Нижегород, Псков, Самара және Челябі облыстарының қолданушылары да хабарлаған, деп жазады The Moscow Times.

Telegram-дағы Sota арнасы көпшіліктің тек «ақ тізімге» кіретін ресурстарға ғана қолы жетіп отырғанын хабарлады.

Ярославльдің 76.ru басылымының мәліметінше, жергілікті тұрғындар интернет-провайдердің приставкасы арқылы жұмыс істейтін теледидардың да істемей тұрғанына шағымдануда.

«Ростелеком» өкілдері Орталық федералдық округтің төрт өңіріндегі – Владимир, Иваново, Кострома және Ярославль облыстарындағы байланыс үзілуін «Коммерсант» пен Владимирдің «Зебра ТВ» басылымына Ярославль облысы аумағында «үшінші тұлғалардың» магистральдық арнаны зақымдауы себеп болды деп түсіндірді. Компанияның айтуынша, 16 қараша таңына қарай барлық жұмыс толық аяқталып, байланыс қалпына келтірілген.

Мурмансктағы ТВ-21 телекомпаниясы да «Ростелеком» өкілдерінің «магистральдық желідегі апат салдарынан интернетке қолжетімділіктің аздаған баяулауы» жойылғаны туралы мәлімдемесін келтіреді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу