Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бірқатар құжатты жасау қызметі қымбаттайды

Қоғам
Бірқатар құжатты жасау қызметі қымбаттайды
Стан кз

Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жеке куәлікті алғаш рет алу, сондай-ақ оның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ауыстыру тегін берілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Аслан Аталықовтың айтуынша, мемлекеттік баж жеке куәлікті алғаш алу кезінде де, сондай-ақ құжаттың жарамдылық мерзімі аяқталған соң жоспарлы түрде ауыстырғанда да алынбайды. Ішкі істер министрлігінің бұл бастамасы құжат рәсімдеу тәртібін жеңілдетуге және азаматтардың қаржылық жүктемесін азайтуға бағытталған.

Айта кетейік, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда бірқатар құжаттарды рәсімдеу үшін алынатын мемлекеттік баж мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 3 932 теңгеден 4 325 теңгеге өсуіне байланысты өзгереді. Осыған орай паспорттар, жеке куәліктер, жүргізуші куәліктері және кейбір тіркеу қызметтері қымбаттайды.

Атап айтқанда:

16 жасқа дейінгі балаларға арналған 24 беттен тұратын паспорттың құны 17 300 теңге (4 АЕК) болады, бұл 2025 жылғы 15 728 теңгемен салыстырғанда қымбат;

36 беттен тұратын стандартты паспорт – 34 600 теңге (8 АЕК);

48 беттен тұратын паспорт – 51 900 теңге (12 АЕК);

жеке куәліктің құны – 865 теңге (0,2 АЕК), ал құжат бір жыл ішінде екі реттен көп жоғалған жағдайда – 4 325 теңге (1 АЕК);

жүргізуші куәлігін рәсімдеу – 5 406 теңге (1,25 АЕК).

Сонымен қатар туу туралы куәлік алғаш рет берілген кезде тегін күйінде қалады, ал оның көшірмесін алу үшін 0,5 АЕК, яғни 2 163 теңге төлеу қажет болады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу