Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Біртановпен бірге болған Мырзағалиевтің жағдайы қалай?

Аналитика
Біртановпен бірге болған Мырзағалиевтің жағдайы қалай?

Экология, геология және табиғи ресустар министрі Мағзұм Мырзағалиев коронавирус қаупіне байланысты оқшауланды.

«Мағзұм Маратұлы өткен жұма күні Денсаулық сақтау министрімен бірге ұшып келді. Сондықтан байланыста болған тұлға ретінде оқшауланды. Министр тест тапсырды, нәтижесі теріс. Апта соңында тағы тапсыратын болады. Дегенмен, ол барлық жұмыс жиналыстарын, келіссөздерді онлайн режимде өткізіп жатыр», - деді министрдің баспасөз хатшысы Самал Ибраева. Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырғанын хабарлаған еді.

12 маусымда Премьер-Министрі Асқар Мамин Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барғанда, онда Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов та болған. Қазір Асқар Мамин, Бердібек Сапарбаев, Асхат Аймағамбетов,  қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев вирусқамақта.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу