Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бокс Олимпиада бағдарламасынан шығарылуы мүмкін

Спорт
Бокс Олимпиада бағдарламасынан шығарылуы мүмкін

Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах келесі олимпиадада бокс ойындардың бағдарламасынан шығарылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл шешім 2025 жылы қабылданбақ.

Нақты уақытын айта алмаймыз, бірақ келесі жылы. Бұл тезірек болғанын қалаймыз, мүмкіндігі барынша жылдың алғашқы жартыжылдығында болса дейміз. Одан ерте болуы екіталай, - деді ХОК басшысы Томас Бах.

Естеріңізде болса, осыдан үш жыл бұрын карате де бағдарламадан шығарылып, оның орнын брейкданс басқан. Егер бокс болмаса, оның орнына паркур қосылуы мүмкін.

Дегенмен әзірге бокстың Олимпиададан шығарылуы туралы айту ерте. Томас Бахтың сөзінше, бұл шешім қабылдануы үшін ұлттық ұйымдар бокстан халықаралық жарыстар ұйымдастыруға бірігуі керек.

Фото: gurk.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу