Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстанның әйелдер құрамасы Өзбекстаннан озды

Спорт
Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстанның әйелдер құрамасы Өзбекстаннан озды

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Чиангмайда (Таиланд) өтіп жатқан Азия чемпионатының медаль кестесінде бірінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан әйелдер құрамасының боксшылары Азия чемпионатында барлығы 10 жүлде жеңіп алды. Оның бесеуі алтын, бесеуі қола медаль.

Алтын медаль иеленгендердің қатарында Виктория Графеева (60 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Наталья Богданова (70 кг), Гүлсая Ержан (81 кг) және Елдана Тәліпова (81+) бар. Ал Әйгерім Сәттібаева (48 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Ұлжан Сәрсенбек (57 кг), Милана Сафронова (66 кг) және Диана Мағауяева (75 кг) қола жүлдені қанжығалады.

Бұл көрсеткішпен Қазақстан әйелдер құрамасы жалпы есепте көш бастады. Екінші орынға Өзбекстан жайғасса, үздік үштікті Таиланд түйіндеп тұр. Әйелдер арасындағы Азия чемпионатының медаль кестесі:

1. Қазақстан (5-0-5);

2. Өзбекстан (3-4-2);

3. Таиланд (3-1-2);

4. Қытай (1-2-1);

5. Вьетнам (0-3-1);

6. Украина (0-2-6);

7. Тайбэй (0-0-2);

8. Филиппин (0-0-1);

8. Сауд Арабиясы (0-0-1).

Фото: ҰОК

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу