Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Боксты қайта жандандыруға өте көп күш қажет - Бақыт Сәрсекбаев

Спорт
Боксты қайта жандандыруға өте көп күш қажет - Бақыт Сәрсекбаев

Бокстан Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев өзін бас бапкерлікке ұсынған жанкүйерлеріне алғыс айтып, басшылықтың алдында тұрған жүктің ауыр екенін атап өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Бақыт Сәрсекбаев қазақ бокс мектебінің іргетасын қайта қалау керегін айтады.

"Ағайын, мені қолдап, бокс басшылығына шақырып жатқандарыңызға үлкен рақмет! Мен бокс туралы жазсам, біреудің орнын тартып алайын деп жатыр дейтін хейтерлеріме де рақмет! Жазғаным жазған, қоймаймын айта беремін. Қазақ боксы басшысыз қалмас, Айтжанов кетсе Сатжанов келер... Дәл қазір бокс тізгінін алуға кім келсе де, ол кісіге оңай болмасы анық. Мырзекең жарығын өшіріп, есігін жауып кеткен боксты қайта жандандыруға өте көп күш қажет. Жаңа команда жасақтап, ескі қалдықтардан құтылу да оңай емес. Не де болса жаңа басшыға қажымас қайрат, үлкен сәттілік тілейік", - деді Сәрсекбаев.

Фото: instagram.com/b.sarsekbayev

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу