Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

БҚО-да боранда жоғалған үш адамның мәйіті табылды

Оқиға
БҚО-да боранда жоғалған үш адамның мәйіті табылды
Gov.kz

Батыс Қазақстан облысында 13-14 желтоқсандағы боран кезінде жоғалып кеткен адамдарды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бүгін Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылдық округінің орталығы Жасқайрат ауылы маңында 57 жастағы ер адамның денесі табылды.

Сондай-ақ Бөкей ордасы ауданында 25 жастағы, Казталовта 35-тегі ер адамның қаза тапқаны белгілі болды.

Марқұмдар үсіп кеткен.

Ақжайық ауданында 54 жастағы ер адам тірі табылды. Оның аяқ-қолы үсіген, Орал қаласына жеткізіледі.

— Қазіргі таңда Жәнібек ауданында 59 жастағы ер адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұған ТЖ, әскери бөлім, полиция және жергілікті атқарушы органдардан 48 адам, 8 техника жұмылдырылған, — деп хабарлады ведомстводан

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу