Батыс Қазақстан облысында мұздатылған етті жартылай фабрикаттарға қатысты «сұр» сертификаттау фактісі әшкереленді, деп хабарлайды Malim.kz.
Өнімге ЕАЭО талаптарына сәйкестік декларациясы берілген. Алайда декларацияға негіз болған сынақ хаттамасын Алматыдағы зертхана іс жүзінде бермегені анықталды.
Тексеру қорытындысы бойынша декларацияның Қазақстан аумағындағы күші жойылып, өндіруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тиісті ақпарат техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдарға жолданды.