freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

БҚО-да қыз зорлады деген күдікке ілінген шенеунік ауруханада көз жұмды

Оқиға
БҚО-да қыз зорлады деген күдікке ілінген шенеунік ауруханада көз жұмды
pixabay.com

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданында жас қызды зорлады деген күдікке ілінген азамат ауруханада көз жұмды деген ақпарат шықты, деп хабарлайды Malim.kz Dalanews.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, шенеунік 11 наурыз күні ауыр жағдайда Орал қаласындағы медициналық мекемеге жеткізілген.

Ол 16 наурызда есін жимастан қайтыс болған. Дәрігерлер бауырдың токсикалық зақымдануы, бауыр некрозы және қант диабеті диагноздарын қойған.

Еске салайық, бұған дейін өңірде шенеунік кәмелетке толмаған қызға зорлық жасады деген күдікке ілінген еді. Оқиға 3 қаңтарда болған.

Жәбірленуші – Ақсай қаласының 16 жастағы тұрғыны. Оның сөзінше, 57 жастағы ер адам әлеуметтік желі арқылы өзін жас жігіт ретінде танысып, хат алмасқан. Кейін әлгі адам қызды қонаққа шақырып, такси жіберген. Үйіне келген соң, оған күш қолданғаны айтылды.

Айта кетейік, 24 ақпанда БҚО-да жас қызды зорлады деген күдікке ілінген шенеунік жұмыстан босатылған еді. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу