freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

БҚО-да үсік шалған тұрғынның табандарына ампутациялау отасы жасалмақ

Денсаулық
БҚО-да үсік шалған тұрғынның табандарына ампутациялау отасы жасалмақ
pixabay.com

Батыс Қазақстан облысында өз үйінде екі аяғының табанын үсітіп алған әйелге ампутация отасы жасалмақ. Бұл туралы Malim.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазіргі ол сонымен қатар жүрек патологиясына байланысты жансақтау бөлімінде жатыр.

“РТС кентінің тұрғыны үйіндегі пештің істен шығуына байланысты екі табанын үсітіп алған. Қазір жүрек ауруының асқынуына байланысты жансақтау бөлімінде жатыр және табандарына ампутациялау операциясы жасалмақ”, –  деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Басқарма мәліметінше, жыл басынан бері облыс ауруханаларына үсік шалу диагнозымен 24 адам түскен. Ең көп жағдай Жәнібек, Казталов және Ақжайық аудандарында тіркелген. Жеті науқас ауыр дәрежедегі үсікпен ауруханаға жатқызылған. 

Науқастардың тағдырлары әртүрлі. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, Ақжайық ауданында бір ер адам далада адасып, үсіп қалған. Дәрігерлер оған екі қолының білезігі мен төменгі аяқ-қолдарын ампутациялауға мәжбүр болған. Қазір ол үйіне шығарылған.

Тағы бір тұрақты мекенжайы жоқ ер адам екі табанын үсітіп, өкпе туберкулезімен ауруханаға түскен. Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, ол жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Көлігін аязда жөндеп жатқан қала тұрғыны екі қолының білезігін үсітіп алған, оған ота жасалмай, үйіне шығарылған.

Ал тағы бір қала тұрғыны мас күйінде көшеде ұйықтап қалып, аяқ-қолдарын қатты үсіткен. Соның салдарынан оның екі қолының білезігі ампутацияланған.

Тағы бір тұрақты мекенжайы жоқ ер адам да мас күйінде көшеде ұйықтап қалып, аяқ-қолдарын үсітіп алған. Қазіргі уақытта ол отаға дайындалып жатыр.

Медицина қызметкерлері жылы киінуге, қатты аязда алыс жолға автокөлікпен шықпауға және сыртта болу уақытын барынша қысқартуға кеңес береді. Үсіктің алғашқы белгілері байқалған жағдайда мүмкіндігінше тезірек, алғашқы тәулікте-ақ медициналық көмекке жүгіну қажет. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу