Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Бұдан асқан оңбағандық жоқ!". Желтоқсан оқиғасында Мұхтар Шаханов, Тұманбай мен Ақселеулер қалай құбылды?

Оқиға
"Бұдан асқан оңбағандық жоқ!". Желтоқсан оқиғасында Мұхтар Шаханов, Тұманбай мен Ақселеулер қалай құбылды?
видеодан скрин

Белгілі ақын, журналист Мейірхан Ақдәулетұлының 2000 жылы 10 наурызда «Алтын Орда» газетіне шыққан «ПАЙҒАМБАРЫ КӨП ЕЛ?..» атты мақаласы көптеген оқырман арасында қызу талқыға түсіп келеді. Қаламгер бұл мақаласында ел зиялыларының Желтоқсан оқиғасы кезіндегі  әрекеттері жазылған. Ендеше, ақынның жазбасынан үзінді келтірейік. 

...«Рас, өзім әлі күнге дейін іштей төбеме көтеріп жүретін бірер үлкендер (зиялылар) сол күні алаңға шықты. Бірері таяқ та жеді. Қудаланды да. Бірақ…

Бірақ, біздің «өгіз бұзаулады!» десе сенуге бар (әсіресе, зиялылар һәм «сыйлы кісілер» айтса!) халықтың қаймағы сол күні сыр беріп алды. Мен үшін содан бері «Пайғамбар» (қазақы, әрине) жоқ...

1987 жылдың ақпанында Бірғаным Әйтімованың (КазЛКСМ хатшысы) «звоногымен» Фариза апам басқаратын «Пионерден» «өз еркіммен» кетіп, еңбек стажым үзілмесін деген ғана қауіппен (заман бұлай боларын біліппіз бе?) «Жалынға» кіріп, бас редактор Мұхтар Шахановтан «аға, тым құрыса, корректор деп тіркеп қойшы» деп өтінгенімде, Мұхаң «позициясын» ашық айтқан: «К…терің қышып, алаңға неге бардыңдар?» деп.

Мұхаң кейін «Аралды толтыру тәсілімен» осы мәселеден де орасан зор саяси ұпай, бедел жиып алды. Мүмкіндік (саяси, әрине) туған соң «желтоқсаншылардың өліктерін іздеу» дейтін, халықты шынымен сүйсіндіретін іс тауып алды...

...Бас редакцияның («Лениншіл жас», «Пионер», «Білім және еңбек», «Ұлан», «Дружные ребята») біріккен партия ұйымы ашық жиналыста «жаппай тәртіпсіздікке қатысып, ұсталған» менің мәселем мен «желтоқсан оқиғасына партиялық көзқарас» туралы мәселені қарады...

Сәл ғана ауыр үнсіздіктен соң… Тұманбай Молдағалиев, Мұзафар Әлімбаев, Ақселеу Сейдімбеков, Фариза апам, т.б. таңдаулылар (бас редакторлар мен беделді кісілер) сөз алды. Оларға «сөйле!» деген ешкім жоқ-ты.

Тұманбай Молдағалиев: «Бұдан асқан оңбағандық жоқ! Біз (қазақ, әрине) масқара болдық, ұлтымыз (?) масқара болды! Оларды, мына бұзақылыққа қатысқан оңбағандарды атып тастаса да артық болмайды!» деді. Мұз-ағаң – Мұзафар Әлімбаев: «Бұл – біздің кінәміз. Біз оңбаған ұрпақ (?) тәрбиелеппіз. Жексұрындарды аямау керек!» - деді.

Ирелеңдеңкіреп орнынан көтерілген Ақселеу ағам сәл ұстамдылау екен: «Біз бұл тәртіпсіздікті айыптаймыз. Жастар тәрбиесімен қажырлы түрде айналысу керек», - деді. Фариза апам да сөйтті. Менің көзіммен көріп, құлағыммен естіген сұмдықтарды мынадай сорлы, осы секілді бейшара, дәрменсіз ортада маңыратып отыруға дәтім жетпеді. Ызаға, жасқа булығып, сыртқа шығып кеттім» дейді Ақдәулетұлы өз мақаласында.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу