freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бүгін бірнеше өңірде қар аралас жаңбыр жауады

Қоғам
Бүгін бірнеше өңірде қар аралас жаңбыр жауады
pixabay.com

17 сәуірде Қазақстан аумағының жартысына жуығында қар аралас жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды Malim.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеп. 

«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағаймен жаңбыр жауады, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі, солтүстік-шығыста, шығыста, орталықта, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қар аралас жаңбыр түрінде жауын-шашын, көктайғақ, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұршақ, дауылды жел болжанады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Түркістан облысының таулы асуларында, оңтүстік-батысында, Жамбыл облысының таулы аймақтарында, Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында кей уақытта секундына 30 метр және одан да жоғары өте күшті жел күтіледі. Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде, Жамбыл облысының батысы мен оңтүстік-шығысында, Алматы облысының солтүстігі, батысы мен орталығында, Абай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары», – делінген хабарламада.

Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -6-8, күндіз +8+10.

Алматыда бұлтты, жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ жауады. Жел солтүстік-батыстан 5-10, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +8+10, күндіз +10+12.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауылды жел күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +7+9, күндіз +13+15.

Ақмола облысында жауын-шашынсыз болады. Күндіз +5+10, түнде -5-10.

Ұлытау облысында түнде қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз +5+10, түнде 0-5.

Қарағанды облысында да қар аралас жаңбыр. Күндіз 0+5, түнде -2-7.

Батыс Қазақстан облысында жауын-шашын болмайды. Күндіз +12+17, түнде -2+3.

Атырау облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз +14+19, түнде +4+9.

Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауады. Күндіз +14+19, түнде +3+8.

Ақтөбе облысында жауын-шашын күтілмейді. Күндіз +10+15, түнде 0-5.

Қостанай облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз +10+15, түнде -1-6.

Солтүстік Қазақстан облысында да жауын-шашынсыз болады. Күндіз +3+8, түнде -3-8.

Павлодар облысының солтүстігінде күндіз қар аралас жаңбыр күтіледі. Күндіз +3+8, түнде -3-8.

Абай облысында түнде батысында, оңтүстігінде және орталығында, күндіз бүкіл аумақта қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз +1+6, түнде -2-7.

Шығыс Қазақстан облысында түнде солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында, күндіз бүкіл аумақта жаңбыр күтіледі. Күндіз 0+5, түнде -1-6.

Қызылорда облысында түнде солтүстігінде, шығысында және орталығында, күндіз шығысында жаңбыр. Күндіз +10+15, түнде +2+7.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз +11+16, түнде +7+12.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында және солтүстік-шығысында жаңбыр, таулы аймақтарында күндіз жаңбыр, түнде қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз +11+16, түнде +6+11.

Алматы облысында жаңбыр, таулы аймақтарында қар аралас жаңбыр күтіледі. Күндіз +10+15, түнде +6+11.

Жетісу облысында жаңбыр жауады. Күндіз +10+15, түнде +5+10.

«Алдағы тәулікте республиканың шығысындағы өзендерде қардың қарқынды еруі жалғасып, еріген су ағыны қалыптасады, мұз құбылыстары әлсіреп, су деңгейі көтеріледі. Болжанған жауын-шашынға байланысты шығыс және оңтүстік-шығыстағы тау өзендерінде су мөлшерінің ауытқуы байқалады. Есіл өзенінде (Ақмола облысы) және (СҚО) су деңгейінің көтерілуі күтіледі», – деп ескертті синоптиктер.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу