freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бүгін төрт қазақ боксшысы әлем кубогының финалында жұдырықтасады

Спорт
Бүгін төрт қазақ боксшысы әлем кубогының финалында жұдырықтасады
Бокс федерациясы

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогының алғашқы кезеңінде жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталып, финалға шыққан боксшылар анықталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасынан төрт боксшы алтын жүлде үшін сынға түседі.

Әйелдер арасында 60 келіге дейінгі салмақта Виктория Графеева жартылай финалда Польшаның Анета Рыгельскаясын 5:0 есебімен айқын жеңіп, финалға жолдама алды. Енді ол шешуші жекпе-жекте бразилиялық Ребекка Сантоспен кездеседі.

65 келіге дейінгі салмақта Аида Әбікеева бельгиялық Ошин Дериуді 4:1 есебімен жеңіп, финалға шықты. Оның финалдағы қарсыласы — Өзбекстан өкілі Навбахор Хамидова.

80 келіден жоғары салмақта Валерия Аксенова жеребе нәтижесі бойынша бірден финалға өтті. Ол алтын медаль үшін венгриялық Жофия Сирамен жұдырықтасады.

Ерлер құрамасынан финалға жалғыз боксшы шықты. 85 келіге дейінгі салмақта Сұлтанбек Айбарұлы германиялық Валерий Вальтерді 5:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. Финалда ол алаң иесі, бразилиялық Кауэ Белинимен кездеседі.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасынан үш боксшы жарысты қола жүлдемен аяқтады. Алуа Балқыбекова (51 кг) қытайлық Лю Чуаньға 2:3 есебімен жол берсе, Жібек Жарасқызы (80 кг дейін) алғашқы жекпе-жегінде польшалық Эмилия Котерскадан 0:5 есебімен жеңілді. Ал Диас Молжігітов (80 кг дейін) көз жарақатына байланысты жарысты жартылай финалда аяқтады.

Жалпы, бұл кезеңге Қазақстан атынан 16 боксшы (9 ер, 7 әйел) қатысып, соның төртеуі финалға жолдама алды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу