Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

БҰҰ Қазақстан үкіметіне ЛГБТ насихатына қарсы петицияны қабылдамауды ұсынды

Қоғам
БҰҰ Қазақстан үкіметіне ЛГБТ насихатына қарсы петицияны қабылдамауды ұсынды

БҰҰ-ның бес сарапшысы Қазақстан Үкіметіне «ЛГБТ насихатына» қарсы петицияны қабылдамауға кеңес берді. Олар бұл бастама қабылданса, қазақстандықтардың өз ойын білдіру құқығы бұзылады деген пікірде, деп хабарлайды Malim.kz.

Сарапшылар «ЛГБТ-насихатқа» қарсы петицияны қараусыз қалдыру керек деген пікірде.

Бұл петицияның өзі біржақтылыққа негізделген және оның негізінде қабылданған кез келген құқықтық акт адам құқықтарының сөзсіз және заңсыз бұзылуы, - делінген БҰҰ сарапшыларының мәлімдемесінде.

Айта кетерлігі, «ЛГБТ үгіт-насихатына» тыйым салу туралы петицияны көпшілік алдында талқылау бүгін, 1 тамызда, өтеді. Қоғамдық талқылауды Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырады.

Бұл – өтінішті қараудың соңғы кезеңі, яғни, қоғамдық талқыдан соң түпкілікті шешім қабылданады.

 

Фото: dzen.ru

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу