Астанада ЛГБТ насихатына қарсы петиция көпшілік талқысына шығарылды

Бұл – өтінішті қараудың соңғы кезеңі, яғни, қоғамдық талқыдан соң түпкілікті шешім қабылданады.

Берік Дәулетов

  • 31.07.2024

Астанада ЛГБТ насихатына қатысты петиция көпшілік талқысына шығарылады. Қоғамдық талқылауды Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырады, деп хабарлайды, деп хабарлайды Malim.kz.

«ЛГБТ насихаттауға» тыйым салу туралы пікірталас Астанада 1 тамыз күні сағат 15:00-де Қазмедиа орталығында өтеді.

Бұл – өтінішті қараудың соңғы кезеңі, яғни, қоғамдық талқыдан соң түпкілікті шешім қабылданады.

Мұндай тыңдаулар кемсітушілік бастамалар мен заң жобаларының жалпы адам құқықтарына әсері туралы хабарлауға маңызды мүмкіндік береді, мұнда тек ЛГБТКИА+-қауымдастығының ғана емес, сонымен қатар феминистік бастамалардың, медиа және шығармашылық индустрияның әл-ауқатына қауіп төніп тұр. Бұл инфлюенсерлерге, АИТВ-сервистік ұйымдарға және жалпы азаматтық қоғамға қатысты, - деп жазды Education Community қоғамдық ұйымы.

Көпшілік тыңдауларға қатысу үшін 31 шілдеде сағат 10:00-ге дейін тіркеліп, аты-жөнін, ұйымын және ЖСН, байланыс деректері мен электрондық поштаны көрсету қажет.

Айта кетейік, «Біз Қазақстан Республикасында ЛГБТ-ны ашық және жасырын насихаттауға қарсымыз!» петициясын қарау жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы 26 маусымда өтті.

Жұмыс тобының құрамына мемлекеттік органдар өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары Ермұрат Бапи, Ринат Заитов, Абзал Құспан, Еділ Жаңбыршин, Қазыбек Иса, арыз иесі Бағила Балтабаева, қоғам қайраткерлері Айнұр Жүгінісова, Мақсұтбек Айтмағанбет, Жанар Секербаева, Гүлзада Сержан, сарапшылар Халида Әжіғұлова, Виктория Примак, БАҚ өкілдері және е-өтініш порталы арқылы жұмыс тобына енуге өтініш білдірген азаматтар кірді.

«Біз ҚР-дағы ЛГБТ-ны ашық және жасырын насихаттауға қарсымыз» петициясы «E-Petition.kz» ресми порталында ресми қаралуы үшін маусым айының басында қажетті қол жинады.

 

Фото: alash.online

Байланысты жаналықтар

Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты аяқталды

14.10.2024

Астанада көкпар мен бәйге жарыстары өтті

13.10.2024

Астананың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимге көшті

13.10.2024

Астанада Есілдің жағасындағы мейрамхана өртенді

13.10.2024

Астанадағы ауа райының қолайсыздығынан бірнеше әуе рейсі уақытынан кешікті

12.10.2024

Астанада көшеде дрифт жасаған екі бұзақы жүргізуші ұсталды

12.10.2024
MalimBlocks
Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты аяқталды

Астанада көкпар мен бәйге жарыстары өтті

Фестиваль Республика күні және Мәслихаттардың 30 жылдығына орай ұйымдастырылған

Астананың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимге көшті

Қала көшелерін 600 техника тазартып жатыр

Астанада Есілдің жағасындағы мейрамхана өртенді

Өрт Ұлттық ұланның көмегімен сөндірілген

Астанадағы ауа райының қолайсыздығынан бірнеше әуе рейсі уақытынан кешікті

Ұшып келетін 6 рейс пен ұшатын үш рейс кешігіп жатыр

Астанада көшеде дрифт жасаған екі бұзақы жүргізуші ұсталды

Олардың көліктері тұраққа қамалған