«ЛГБТ-ны насихаттауға қарсымыз» петициясын қарастыру басталды

Бүгін жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті

Арман Қайыпхан

  • 21.06.2024

Бүгін «Біз Қазақстан Республикасында ЛГБТ-ны ашық және жасырын насихаттауға қарсымыз!» петициясын қарау жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Жұмыс тобының құрамына мемлекеттік органдар өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары Ермұрат Бапи, Ринат Заитов, Абзал Құспан, Еділ Жаңбыршин, Қазыбек Иса, арыз иесі Бағила Балтабаева, қоғам қайраткерлері Айнұр Жүгінісова, Мақсұтбек Айтмағанбет, Жанар Секербаева, Гүлзада Сержан, сарапшылар Халида Әжіғұлова, Виктория Примак, БАҚ өкілдері және е-өтініш порталы арқылы жұмыс тобына енуге өтініш білдірген азаматтар кірді.

«Отырыста петиция бастамашылары мен жұмыс тобы мүшелерінің ұстанымдары тыңдалды, сондай-ақ жұмыс жоспары мен жария тыңдаулардың өту тәртібі анықталды», - делінген ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.


Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Мектеп оқушыларының киім үлгісі бойынша петиция жарияланды

10.08.2024

ЛГБТ насихатына қарсы петиция: Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұстанымы қандай

02.08.2024

«Уақытты кері қайтару»: Петиция бойынша шешім шықты

02.08.2024

Уақыт белдеуінің өзгеруі туралы петиция: ДСМ қандай ұстанымда

02.08.2024

ІІМ мен Оқу-ағарту министрлігі ЛГБТ насихатына қарсы петицияны қолдайды

01.08.2024

БҰҰ Қазақстан үкіметіне ЛГБТ насихатына қарсы петицияны қабылдамауды ұсынды

01.08.2024
MalimBlocks
Мектеп оқушыларының киім үлгісі бойынша петиция жарияланды

Петиция авторлары киім параметрлерін заңмен бекітуді ұсынады

ЛГБТ насихатына қарсы петиция: Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұстанымы қандай

Біздің ұрпақ алдындағы парызымыз – оларға дұрыс рухани-адамгершілік бағыт-бағдар беріп, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды бойына сіңіру.

«Уақытты кері қайтару»: Петиция бойынша шешім шықты

Жұмыс тобы Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктеріне алдағы үш жыл ішінде бірыңғай уақыт белдеуінің халық денсаулығына әсерін зерттеуді ұсынды.

Уақыт белдеуінің өзгеруі туралы петиция: ДСМ қандай ұстанымда

Кейінгі ғылыми деректер мен ғалымдардың қорытындысы бойынша уақыттың бір сағатқа өзгеруі мен оның денсаулыққа айтарлықтай әсері арасында тікелей байланыс жоқ.

ІІМ мен Оқу-ағарту министрлігі ЛГБТ насихатына қарсы петицияны қолдайды

Мәдениет және ақпарат министрлігі ЛГБТ насихатына қарсы петиция бойынша қоғамдық талқылау ұйымдастырды.

БҰҰ Қазақстан үкіметіне ЛГБТ насихатына қарсы петицияны қабылдамауды ұсынды

Сарапшылар «ЛГБТ-насихатқа» қарсы петицияны қараусыз қалдыру керек деген пікірде.