Алматыда академик Төрегелді Шармановты соңғы сапарына шығарып салды

Қоштасу рәсімі С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің Конкордия театрында өтті

Мәди Саматұлы

  • 26.05.2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Мәжіліс спикері Мемлекет және қоғам қайраткері, академик Төрегелді Шармановтың өмірден өтуіне байланысты қоштасуға арналған іс-шараға қатысты, деп хабарлайды Malim.kz.

Қоштасу рәсімінде сөз сөйлеген Ерлан Қошанов Мемлекет басшысының көңіл айту хатын оқып берді.

Төрегелді Шарманұлы бүкіл саналы ғұмырын ұлт денсаулығына арнаған бірегей тұлға, биік парасат иесі еді. Отандық медицинаның алға басуына бар қажыр-қайратын жұмсап, көптеген игі іске бастамашы болды. Қазақ тағамтану ғылымының көкжиегін кеңейтіп, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЮНИСЕФ және басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық байланыс орната білді. Өзінің жаңаша мектебін қалыптастырып, ұлағатты ұрпақ тәрбиеледі. Айналасына сыйлы, ғибратты ғұмыр кешкен Төрегелді Шарманұлының жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады, делінген Президенттің көңіл айту хатында.

Фото: Мәжіліс

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Төрегелді Шармановтың отбасына көңіл айтты

25.05.2024

Академик Төрегелді Шарманов дүние салды

25.05.2024

Қырымбек Көшербаев зиялы қауым өкілдерімен кездесті

04.09.2020

Қазақ студенттері не жеп жүр?

05.02.2020
MalimBlocks
Тоқаев Төрегелді Шармановтың отбасына көңіл айтты

Академик Төрегелді Шарманов дүние салды

Ғалым 93 жасында өмірден озды

Қырымбек Көшербаев зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Қазақ студенттері не жеп жүр?