Алматыда Ермек Серкебаевтың ескерткіші ашылды

Ермек Серкебаевтың бейнесін қоладан сомдаған мүсіншілер – Айдос Бүркітбаев, Тимур Ермұхаметов, Ақылбек Орманбеков және Қуаныш Асылбай.

Сабина Асқарқызы

  • 16.01.2025

Бүгін Алматы қаласында көрнекті опера әншісі, актер, педагог Ермек Серкебаевқа арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Malim.kz.
Ашылу салтанатына Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, әншінің ағасы Мұрат Серкебаевпен ұлы Байғали Серкебаев, сондай-ақ шығармашылық зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Ескерткіш Абылай хан даңғылының бойында, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі ғимаратының алдында орнатылған.
Министр Аида Балаева ескерткіштің ашылуы елінің ұлы перзентіне деген құрметі екенін атап өтіп, Ермек Серкебаевтың бай рухани мұрасы ұлт жадында мәңгі сақталатынына сенім білдірді.

Ермек Серкебаев – сирек кездесетін талант иесі, кәсіби шеберлігі жоғары музыкант. Ол миллиондаған өнер сүйер көрерменнің шынайы махаббатына бөленді. Бүгінгі қазақ операсын Ермек Серкебаевсыз елестету қиын. Оның ғибратты ғұмыры – мәдениетіміздің тарихындағы тұтас бір тарау. Көпшілік білмеуі мүмкін, бірақ ол қоғамдық-саяси өмірде де белсенділік танытып, Тәуелсіздігіміздің қалыптасуы мен нығаюына зор үлес қосты. Сонымен қатар, Ермек Бекмұхамедұлы дарынды музыканттар әулетінің негізін қалады. Балалары мен немерелері оның ісін лайықты жалғастырып, қазақ өнерін әлемнің әр түкпірінде дәріптеуде, деді Мәдениет және ақпарат министрі.

Ведомство басшысы Ермек Серкебаевтың бейнесін қоладан сомдаған мүсіншілер – Айдос Бүркітбаевқа, Тимур Ермұхаметовке, Ақылбек Орманбековке және Қуаныш Асылбайға ерекше алғыс білдірді.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Байланысты жаналықтар

Шымбұлақта ішімдік ішкен шетелдіктер қызметкерге шабуыл жасады

03.02.2025

Қонаевта оқушылар жабылып ұрып қатарластарын жансақтау бөлімінен бір-ақ шығарды

03.02.2025

Бүгін Алмас Кішкенбаевтың соты өтеді

03.02.2025

«Бензиннен жеп» жүргізушілерді қанаған жанармай бекетіне айыппұл салынды

02.02.2025

Алматыда шетелдіктен 2 мыңдай sim-карта тәркіленді

30.01.2025

Алматыда көлік құралы ретінде тіркелген мопедтер саны 60-қа жетті

28.01.2025
MalimBlocks
Шымбұлақта ішімдік ішкен шетелдіктер қызметкерге шабуыл жасады

Полиция тәртіп бұзған 5 адамды ұстаған

Қонаевта оқушылар жабылып ұрып қатарластарын жансақтау бөлімінен бір-ақ шығарды

Полиция басқармасында іс тіркеліп, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Бүгін Алмас Кішкенбаевтың соты өтеді

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша іс қаралады

«Бензиннен жеп» жүргізушілерді қанаған жанармай бекетіне айыппұл салынды

3 145 600 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Алматыда шетелдіктен 2 мыңдай sim-карта тәркіленді

Алматыда көлік құралы ретінде тіркелген мопедтер саны 60-қа жетті