Ақтөбелік мұғалімді әріптесі пышақтап кетті

Malim Админ

  • 23.10.2020

Осыдан бір ай бұрын ғана оқушы қыздары шаш жұлысып, төбелескен Темір ауданында енді мектеп мұғалімдері жанжалдасты.

Облыстық білім басқармасының берген мәліметінше, күні кеше Темір ауданы, Шұбарқұдық ауылында түскі мезгілде мектеп ұстаздары арасында жанжал шығып, бір мұғалім қаза тапқан. 40 жастағы марқұм мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып 20 жыл еңбек еткен.

“Дене шынықтыру пәні мұғалімінің үйінде мектептің үш мұғалімі кездескен. Қаза тапқан мұғалім мен тарих пәні мұғалімінің арасында сөзге келіспеушілік болған. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі алған дене жарақатынан қаза болды. Тергеу амалдары жүріп жатыр", – деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ СҮЛЕЙМЕНОВА.

Мұғалімдер арасындағы қайғылы  жағдайды облыстық полиция басқармасы да растады.

«22 қазанда Темір АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын өз үйінің ауласынан ер адамның мәйітін тапқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Көрсетілген мекенжайға дереу жедел-тергеу тобы шықты, ол оқиға орнына келгеннен кейін қаза тапқан адамның жеке басын анықтады, ол пышақ жарақаты түріндегі зорлық-зомбылық белгілері бар 40 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Аталған факті бойынша күдікті тұлға анықталып  ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеу шеңберінде өзге ақпарат жария етілмейді», -дейді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Байланысты жаналықтар

Ақтөбедегі су тасқыны. Қаратал ауылында жағдай қауіпті 

17.03.2023

Баспана бағасы  биыл да арзандамайды  

20.01.2023

Әкімшілік жауапкершілігі, ауа райы әлде адами фактор – Биылғы су тасқандарының себебі

13.04.2022

Ақтөбеде Аймағамбетовке хат жазғаның үшін сотталып кетуің мүмкін

10.09.2021

Мұнайшылар ереуілі көбейіп барады

02.02.2021

Ақтөбеде мұнайшылар жұмысқа шығудан бас тартуда

25.01.2021
MalimBlocks
Ақтөбедегі су тасқыны. Қаратал ауылында жағдай қауіпті 

Тасқын су бөгетті бұзып өткен

Баспана бағасы  биыл да арзандамайды  

Наурыздан бастап бірінші  нарықтың бағасы міндетті түрде қымбаттайды

Әкімшілік жауапкершілігі, ауа райы әлде адами фактор – Биылғы су тасқандарының себебі

Наурыз айында елімізде ауа райының күрт жылуы әсерінен 100-ден аса үй, 6 елді мекен су астында қалды. Аймақтардағы жағдайды баяндап, апаттың себептерін мамандардан сұрап білдік.

Ақтөбеде Аймағамбетовке хат жазғаның үшін сотталып кетуің мүмкін

Мұнайшылар ереуілі көбейіп барады

Ақтөбеде мұнайшылар жұмысқа шығудан бас тартуда