Astana Media Week-2024 апталығы басталды
Медиа индустрияның жетекші сарапшылары жаңа тенденцияны, өзгерістер мен этиканы талқылайды

Елордада дәстүрлі Astana Media Week-2024 апталығы басталды. 25-27 қыркүйек күндері Қазақстан мен шетелден келген медиа индустрияның жетекші сарапшылары жаңа тенденцияны, өзгерістер мен этиканы талқылайды.
Отандық медиа индустрияны дамыту және іскерлік қатынастарды күшейту үшін жасалатын шараға Қазақстандағы мемлекеттік, тәуелсіз, кәсіби және жаңа БАҚ өкілдері қатысып жатыр.
«Қазақстан әлемдік ақпараттық алаңда» атты 1-сессия тәмамдалды. Қазір «Медианың РеНовациясы (жаңару): заң, қауіпсіздік және трансформация» атты сессия басталды. Спикерлер құқықтық ортадағы соңғы өзгерістерді сарапқа салады.
Еліміздегі басты коммуникация алаңында ведомство басшылары, халықаралық сарапшылар, инфлюенсерлер мен сала мамандары кездесіп, өзекті мәселелерді талқылап, идеяларын жариялайды. Байланыс орнатып, презентациялар жасап, алдағы жылға жоспарларын айтады.
Astana Media Week 2024 медиа апталығы 27 қыркүйек сағат 18-00-де аяқталады.