Астана туралы үздік әндерге байқау жарияланады

Елорданың 25 жылдығына орай өтетін бұл байқаудағы ең үздік жұмыстар Астананың 25 жылдығына арналған ән жинағына енетін болады

  • 23.05.2023

Байқауға қатысуға барлық қазақстандық сазгерлер шақырылады. Байқауды Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Elorda Aqparat» медиасеріктестігі (Қазақстан композиторлар одағымен бірлесе) ұйымдастырады, деп хабарлады Elorda.info.

Конкурсқа Астана туралы мемлекеттік және орыс тілде жарыққа шыққан әндер қабылданады. 

Үздік әндерді белгілі сазгерлерден және елордадағы осы саланың құрметті өкілдерінен құралған конкурстық комиссия айқындайтын болады. 

Ең үздік жұмыстар Астананың 25 жылдығына арналған ән жинағына енетін болады. Сондай-ақ, байқау қорытындысымен елордада «Ел жүрегі – Астана» атты гала-концерт ұйымдастырылып, озық шыққан үздік әндер сахна төрінде  шырқалады.

Өтінімдер 2023 жылдың 10 маусымына дейін мына электрондық пошта арқылы қабылданады: [email protected].

Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефоны: 8 (778) 143 06 11, 

8 778 155 61 11 (whatsapp)

Байқаудың ережесін сілтеме бойынша көруге болады.