Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бекшин қай сыныптың оқушылары мектепте баратынын айтты

Мәдениет
Бекшин қай сыныптың оқушылары мектепте баратынын айтты

Алматы қаласының бас санитары Жандарбек БЕКШИН қай сыныптың оқушылары мектепке баратынын айтты. Әзірге жаңа оқу жылында 1-2 сыныптың балалары мектеп табалдырығын аттайды. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ сайты хабарлайды.

«Алматы үлкен қала. Келетін қонақтары да аз емес. Бәрінен де балалрдың денсаулығы қымбат екенін түсінуіміз керек. Балалар ауырса коронавирус белгілері байқалмайды. Және олар жүрген жерінде жұқтырып жүретін болады. Қазірдің өзінде 360 аса бала Алматы қаласында ауырып жатыр», - деді Жандарбек Бекшин.

Алайда, бұл оқушылар мүлдем мектепке бармайды деген сөз емес. 1-2 сыныптар әдеттегіндей дәріс алатын болады екен. Бірақ санитарлық талаптар қатаң сақталатын болады.

«Әр сыныпта он бес оқушыдан аспау керек. Және әрбір оқушы бір партаға бір орындықпен отырады. Бір күнде 40 минуттан төрт-ақ сабақ болады. Үзіліс кезінде дезинфекция жасалып тұрады», - деді Алматы қаласының бас санитары.

Сондай-ақ онлайн-брифингте Алматы қаласында 800-ден аса бала пневмониямен ауруханаға түскені айтылды. Жыл сайын күзде тұмауға шалдығатындардың 48 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар деген Бекшин, профилактикалық шаралардың күшейтілетінін айтты.

Фото: dalanews.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу