Билік партиясы мемлекеттік рәмізге құрметпен қарамай ма?!

  • 11.10.2021

Қазақстанның "Рәміздер туралы" Конституциялық заңында "Ғимараттарға тұрақты тігілген мемлекеттік Туға тәуліктің қараңғы мезгілінде жарық түсіп тұруға тиіс" деп тайға таңба басқандай көрсетілген. Алайда бұл заңға «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы немқұрайлы қарайтын сыңайлы. Өйткені бұл партия орналасқан ғимараттың төбесіндегі мемлекеттік Туға жарық беретін жарық шамының жанбай тұрғанына біраз уақыт болды. Түнде Тудың бар-жоғы да білінбейді.

Бұл ғимаратта «Nur Otan»  партиясы ғана емес, мемлекеттік рәміздердің дұрыс орналасуын қадағалайтын бірден-бір орган  Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы, "Жас Отан" Жастар қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалы қызметкерлері отырады. Бір қызығы, бұлар Тудың жарық шамы қашаннан бастап жанбай тұрғанынан бейхабар болып шықты.

Malim.kz тілшісі «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Кенесары Нұршиновтан «Nur Otan»  партиясы мемлекеттік рәміздерге, "Рәміздер туралы" заңға қаншалықты құрметпен қарайды?"- деп сұрады.

Бұған ол "Заң аясында құрметпен қараймыз" деп қасқа ғана жауап қатты.

­–Мемлекеттік рәміздерге қатысты ешқандай кемшілік жоқ па? – деп тілші және сұрақ қойды.

Бұл сұраққа Кенесары Нұршинов "ойланып барып" "жоқ, ешқандай кемшілік жоқ" деді.

–Ғимараттың төбесіндегі Туға түнде жарық түсіп тұра ма? Жарық шам жанып тұр ма? – деп Malim.kz тілшісі тағы сұрады.

"Иә, жанып тұр" деді Кенесары Нұршинов еш қысылмастан.

–Сіз басында мемлекеттік рәміздерге, "Рәміздер туралы" заңға құрметпен қараймыз, ешқандай кемшілік жоқ дедіңіз. Бірақ мемлекеттік Туға жарық беріп тұратын жарық шамның жанбай тұрғанына бірнеше күн болды ғой? Бұған не дейсіз? Сенбесеңіз қараңғы түскенде өзіңіз қараңыз. Күніне бәленбай адам жұмыстан үйіне қайтады. Сонда бір адам болса да, Туға жарық түспей тұрғанын көрмей ме? –деді тілші.

Бұл сұраққа тосылып қалған Кенесары Нұршинов ұялы телефонмен Ерген есімді бір қызметкерге қоңырау соғып, "Тудың жарық шамы жанбай қалды ма не?" сұрады.

–Кемшілікті түзейміз, жарық шамның жанбай тұрғанын "білмеппін", праймериз кезінде жұмыстан жай шығып жүрдік, сонда жанып тұрған еді…,– деді Кенесары Нұршинов телефонмен сөйлесіп болған соң. 

Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының қызметкері Қалаубек Теміровте алғашында тілшіге мемлекеттік рәміздерге қатысты кемшілік жоқ деген. Кейін барып, "техникалық ақау болған шығар, Тудың жарығын қалпына келтіруге «Нұр Отан» партиясына ескертемін, бұл ғимарат солардың балансында" деді.

Есенжол Елекенов,

Батыс Қазақстан облысы

Байланысты жаналықтар

Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

16.04.2025

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

14.04.2025

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

11.04.2025

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

11.04.2025

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

09.04.2025

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

06.04.2025
MalimBlocks
Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

Форум «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі Орталық Азия. Стратегиялық даму құралы ретіндегі медиа» деп аталады

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

Өнер иесі денсаулыққа мән беру керектігін еске салды.

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

Тамыры терең тарихпен астасқан мәдени мұра мекені — Ұлытауды бірге аралап, ерекше әсерге бөленейік!

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

Әділет министрлігі қазақ әндерін Instagram-ға қайтарғалы жатыр

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

Өнер иесінің туындысы Еуропа тыңдарманының көңілінен шыққан.

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

Бұл – қазақтың дәстүрін, киелі Маңғыстау мұрасын және түркіхалықтарының тарихын кеңінен насихаттауға арналған бірегей мәдени кеңістік