Дулат Ағаділдің сұрауын іздеген белсенді топ қамалды
Бүгін Нұр-Сұлтандағы тергеу абақтысында қоғам белсендісі Дулат Ағаділ қайтыс болған еді. ІІМ қызметкерлерінің хабарлауынша: «Нұр-Сұлтанда тергеу изоляторында таяуда жеткізілген қоғам белсендісі 1977 жылғы Дулат Ағаділ қайтыс болды. Ол сотқа құрметсіздік танытып, судьяға балағат сөздер айтқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды» делінген.
Ішкі істер министрлігінің алдына бір топ белсенді Дулат Ағаділдің неден қайтыс болғанын білу үшін барған. Бірақ ешқандай лауазымды тұлға шығып жауап берген жоқ. Белсенді топ жол жауып, жауап беруін талап етті. ІІД қызметкерлері екі автобуспен келіп, белсенділерді тиеп алып кетті. Нұр-Сұлтан қаласы ІІД басшысының орынбасары Малыбаев: «Ағаділ моргте. Экспертизия жүріп жатыр. Бәрі анық болғанда айтылады. Отбасы бәрінен хабардар».
«Не үшін бәрін қамап жатсыңдар?» деген сұраққа Малыбаев: «Көрдіңдер ғой жолды жауып қойды. Қала прокурорының орынбасары жолды босатыңдар деген. Жолды босатпады ғой. Сол үшін алып кетті» деді.
Азаттық радиосы Нұр-Сұлтаннан тікелей эфирде ақпарат таратып жатыр.