«Енді сахнаға ұялмай шығамын»: Майра Мұхамедқызы Халық әртісі атағын ұзақ күткенін айтты

Өнер иесі бұл атақты былтыр береді деп күткен

Сабина Асқарқызы

  • 24.10.2024

Атақты опера әншісі Майра Мұхамедқызының еңбегі ақталып, күні кеше Қазақстанның «Халық әртісі» атағына ие болды. Өнер иесі бұл атақты былтыр береді деп күткенін жасырмады, деп хабарлайды Malim.kz.

«Жақсылықтың ерте-кеші жоқ қой. Халық маған «Халық әртісі» атағын баяғыда беріп қойған. Қолымда тек сол қаулы, сертификаты ғана болған жоқ қой. Сондықтан бүгін Үкімет соны беріп, жарлық шығарып жатқанына мен өте бақыттымын. Әлемнің сахнасында Қазақстанның халық әртісі деген атқа лайық өнер көрсетіп-ақ жүрмін ғой. Енді сахнаға ұялмай, қысылып-қымтырылмай шығатын болдым. Әрине, күттім. Әсіресе, былтыр қатты күткен едім. Өйткені, «Қазақстанның халық әртісі» атағын орнына қайта қойды ғой. Сол кезде беріледі деп тізімде менің де атым жүрді. Бірақ маған берілген жоқ. Сонда жылап қалдым», - дейді әнші Qaz365.kz тілшісіне берген пікірінде.

Айта кетейік, ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері, «Тарлан» сыйлығының, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Париждегі «Гранд Операның» Қазақстаннан шыққан тұңғыш әншісі.

Ол 1969 жылы 9 мамырда ҚХР-да дүниеге келген. Бейжің Ұлттар Университетінің Музыка Факультетін (Джоу Бен Чин сыныбы) және Пекин Консерваториясын (Го Шу Джен сыныбы) бітірген.

Байланысты жаналықтар

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

07.05.2025

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

06.05.2025
MalimBlocks
Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

27 жастағы Әділеттің таңдауы 21 жастағы Әдия Мәулен есімді аруға түскен

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

Өнер иесі соңғы екі айда тынымсыз гастрольде жүрген