Ереуілге шыққандар айлықтарын көбейтіп алды

  • 12.11.2021

Маңғыстау облысындағы «КаспийЦемент» ЖШС жұмысшыларының еңбекақыны өсіру туралы талабы орындалды, деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. Осыдан үш күн бұрын Маңғыстау облысының Шетпе кентіндегі компания жұмысшылары басшылыққа талап қойып, еңбекақы көлемін 60 пайызға дейін өсіру туралы талап қойған еді. Алайда басшылық олардың талабымен бірден келіспей, жүз елуден астам жұмысшы назарылық білдіріп, түнімен мекеме алдында ереуілде тұрды.

«Инфляция деңгейінен мардымсыз айлық еңбекақымыз ештеңеге жетпейді» деген жұмысшылар президентке де үндеу жолдаған. Алайда олармен кездескен кәсіпорын басшылары «талапты құрылтайшыларға жеткізіп, шешімін қарастырады» деген еді. Бірақ жауапты ұзақ күткен жұмысшылар соңынан «талабымыз орындалмады» деген болатын.

Дегенмен араға бір күн салып «КаспийЦемент» ЖШС қызметкерлері ереуілді тоқтатты. Олардың еңбекақысына 48 мың теңге қосылып, 100 мың теңге көлемінде бір реттік ақша беретін болыпты. Сонымен бірге, жыл соңында он үшінші айлық төлеу де  шешімін тапқан.

 «КаспийЦемент» ЖШС құрылтайшысы HeidelbergCement компаниясы Қазақстанда 2005 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Маңғыстауда,  Шығыс Қазақстан облысында, Астанада, Шымкентте бөлімшелері бар.

Әліби Ерқосай, Ақтау қаласы

Байланысты жаналықтар

Үш баланы өлтіру. Полицейлер бірін бірі терістеп жатыр.

04.05.2023

«Жауабыңыз қабылданбайды» – Әбдіғалиұлының сөзі Смайыловқа ұнамай қалды

17.01.2023

Каспий итбалығының тағдыры: Балықшылар, мұнайшылар, емшілер және жүкті әйелдер

14.06.2022

«КаспийЦемент» жұмысшылары президенттен еңбек дауын шешіп беруді сұрады

11.11.2021

Ноғаевтың бір орынбасары қызметінен кетті

10.11.2021

Ақтау шенділері жарылыстан жан сақтау бөліміне түскендер жоқ дейді

08.11.2021
MalimBlocks
Үш баланы өлтіру. Полицейлер бірін бірі терістеп жатыр.

«Сириядағы соғысқа қатыспаған». Бір жарым ай бұрын Ақтауда ажырасқан әйелінде кеткен үш баласын қастандықпен өлтірген әкенің діни жат ағымның жетегінде кеткені туралы ел арасында түрлі әңгіме айтылған еді

«Жауабыңыз қабылданбайды» – Әбдіғалиұлының сөзі Смайыловқа ұнамай қалды

Бюджеттен ақшаның кешігіп түсу себебін отырыста баяндама жасаған Қуантыровтан да бір сұрай салуы керек пе еді...

Каспий итбалығының тағдыры: Балықшылар, мұнайшылар, емшілер және жүкті әйелдер

Каспий итбалығы – Қазақстанды мекен еткен теңіздегі жалғыз сүтқоректі жануар. Кезінде жануардың терісі мен майы бағалы болғандықтан, есепсіз қырылған. 2008 жылы жоғалып кетуі мүмкін жануар ретінде Халықаралық табиғатты қорғау ұйымының тізіміне енсе, 2020 жылдан бері Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Malim Media санаулы қалған Каспий итбалығының сақтау үшін Қазақстан билігі қандай шара қолданып жатқанын зерттеп көрді.

«КаспийЦемент» жұмысшылары президенттен еңбек дауын шешіп беруді сұрады

Маңғыстау облысында «Каспий цемент» ЖШС жұмысшылары екі күннен бері наразылық білдіріп, жұмысын тоқтатты.

Ноғаевтың бір орынбасары қызметінен кетті

Ақтау шенділері жарылыстан жан сақтау бөліміне түскендер жоқ дейді