Ерлан Қарин Өзбекстан президентінің көмекшісі Саида Мирзиёевамен кездесті

Арман Қайыпхан

  • 18.03.2025

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Өзбекстан Республикасы Президентінің көмекшісі Саида Мирзиёевамен кездесті, деп хабарлайды Malim.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин елімізге жұмыс сапарымен келген Өзбекстан Республикасы Президентінің көмекшісі Саида Мирзиёевамен жүздесті.

Кездесуде тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы екі жақты қарым-қатынастың өзекті мәселелерін, сондай-ақ бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективасын талқылады.

Мәдениет және өнер саласындағы ықпалдастықты тереңдету әрі тәжірибе алмасу мәселелеріне баса назар аударылды.

Ерлан Қарин Қазақстанда жүргізіліп жатқан өзгерістер, соның ішінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың Бурабайда өткен IV отырысында көтерген жаңа бастамалары туралы айтты.

Жұмыс сапары аясында екі ел арасындағы мәдени диалогты дамытуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, Ерлан Қарин мен Саида Мирзиёева Ә. Науаи атындағы Өзбекстан мемлекеттік опера және балет Үлкен театрының "Лазги. Танец души и любви" атты қойылымын тамашалады. Сонымен қатар суретші Орал Таңсықбаевтың кескіндемелік және графикалық жұмыстарының көрмесі өтеді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

ЮНЕСКО: Қазақстан мұраларын халықаралық деңгейде танымал ету мәселесі көтерілді

16.05.2025

Түркістанда Ясауи мұрасына қатысты симпозиум өтіп жатыр

15.05.2025

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

09.05.2025

Әскер рейтингі: Өзбекстан Қазақстанды басып озды

30.04.2025

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қабірхана есігі көпшілікке қайта қойылды

24.04.2025

Димаштан басқа Қазақстанды әлемге кім танытады? Министрдің жауабы

24.04.2025
MalimBlocks
ЮНЕСКО: Қазақстан мұраларын халықаралық деңгейде танымал ету мәселесі көтерілді

Түркістанда Ясауи мұрасына қатысты симпозиум өтіп жатыр

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

Мeмлeкeт басшыларынан бастап, жeргiлiктi əкiмтайға дeйiн қазақша сөйлeмeсe, бұл тiлдe рeсми құжаттар жүргiзiлмeсe – oның нeсi мeмлeкeттiк тiл?! Басқа-басқа, Кoнституцияның өтiрiк айтқаны – өлгeнi ғoй. Нe бoлмаса, Кoнституция қағидасын oрындамай oтырғандар oңбаған. Eкiнiң бiрi. Мiнe, бұл əдiлeтсiздiккe нeгiздeлгeн қoғамның нышаны

Әскер рейтингі: Өзбекстан Қазақстанды басып озды

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қабірхана есігі көпшілікке қайта қойылды

Димаштан басқа Қазақстанды әлемге кім танытады? Министрдің жауабы

Министрдің айтуынша, ол – жас опера әншісі Айгерім Алтынбек