«Менің Қазақстаным»: Астанада 500-ден астам ардагер флешмобқа қатысты

Ардагерлер ел байрағындағы жарқыраған күн мен қалықтаған қанатты бейнеледі

Malim Админ

  • 28.08.2024

30 тамыз – Конституция күніне орай елорданың Алматы ауданы Ардагерлер кеңесі ауқымды іс-шара ұйымдастырды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігі хабарлады. 


Ою-өрнекпен әдіптелген ұлттық киім киген ақ жаулықты аналар мен ақсақалдар Отанға деген сүйіспеншілік пен еліміздің Ата заңын қастерлеу сияқты ізгі қасиеттерді өскелең ұрпақтың бойына сіңіру үшін таңертеңгілік «Қазақ елі» монументінің жанына жиналды.

«Конституция күні қарсаңында Алматы ауданы әкімдігінің қолдауы және осы ауданның ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Менің Қазақстаным» деген ұран-лейтмотивімен флешмоб өткізіліп отыр. Бұл іс-шараны өткізу біздің ардагерлер үшін 3 жылдан бері өзіндік дәстүрге айналды. Флешмобқа алғашқы жылы 150 ардагер қатысқан болса, одан кейінгі жылы 300 зейнеткер атсалысты. Биыл 500-ден астам қариямыз ұрпақ сабақтастығын өнегелі үлгісімен жалғау үшін жұдырықтай жұмылды. Флешмобқа ауданның барлық ниет білдірген үлкендерін шақырдық. Олар дайындыққа да, іс-шараның өзіне де бар ынтасымен атсалысып отыр. Тойға келгендей ұлттық киіммен келген ардагерлердің сән-салтанаты бүгінгі шуақты күнмен астасып, алаңды нағыз мерекеге айналдырып жіберді», - деді Алматы ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Мұстафин.

Алматы ауданы Ардагерлер кеңесі медиатобының мүшесі, ардагер журналист Баян Бұлғақбаева бүгінгі іс-шараның тәрбиелік мәні зор екенін айтты.

«Бүгін «Қазақ елі» монументінің қасында көрнекті де мән-маңызы зор көрініс қойылып отыр. Жасы 60-ты алқымдап, 80-ге тақаған қарттарымыз келешек ұрпаққа үлгі көрсетейін деп орамалын тағынып, шапандарын жабынып, осы іс-шараға бір кісідей жиналғанының өзі - бір ғанибет, үлкен құптарлық іс. Біз, ардагерлер, ел азаматтарының Ата Заңымызды қадірлеп, соның жолында еңбек етсек, болашағымыз жарқын болатынына сенеміз», - деді Алматы ауданы Ардагерлер кеңесі медиатобының мүшесі, ардагер журналист Баян Бұлғақбаева.

Ол осыншама көп ардагерді жинап, дайындаудың өзі үлкен күш-жігерді талап ететінін айтып, бұл тұрғыда флешмобтың идея авторы және режиссері, мәдениет саласының ардагері Раушан Ысқақованың еңбегі зор екеніне атап өтті.

Флешмобта ардагерлер әнұран шырқап, көк туды желбіретті. 500 ардагер ел байрағындағы жарқыраған күн мен қалықтаған қанатты бейнеледі. Аталған көрініс дронмен таспаға түсіріліп алынды.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Алдағы үш күнде ауа райы қалай болады?

15.10.2024

Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты аяқталды

14.10.2024

Астанада көкпар мен бәйге жарыстары өтті

13.10.2024

Астананың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимге көшті

13.10.2024

Астанада Есілдің жағасындағы мейрамхана өртенді

13.10.2024

Астанадағы ауа райының қолайсыздығынан бірнеше әуе рейсі уақытынан кешікті

12.10.2024
MalimBlocks
Алдағы үш күнде ауа райы қалай болады?

Түнде 2-4 градус аяз, күндіз 6-8 градус жылы

Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты аяқталды

Астанада көкпар мен бәйге жарыстары өтті

Фестиваль Республика күні және Мәслихаттардың 30 жылдығына орай ұйымдастырылған

Астананың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимге көшті

Қала көшелерін 600 техника тазартып жатыр

Астанада Есілдің жағасындағы мейрамхана өртенді

Өрт Ұлттық ұланның көмегімен сөндірілген

Астанадағы ауа райының қолайсыздығынан бірнеше әуе рейсі уақытынан кешікті

Ұшып келетін 6 рейс пен ұшатын үш рейс кешігіп жатыр