Полиция бір кісілік акциядан да қорқады
Жазықсыз Мәдиевке бостандық! Осындай ұранмен Асылхан МӘДИЕВ есімді азамат Қызылорда қаласындағы орталық аланға келді.
Айтуынша, ағасы Ынтымақ МӘДИЕВ жазықсыз 20 күннен бері қамауда жатыр. Ынтымақ Мәдиев Шиелі ауданында білім бөлімінің басшысы қызметін атқарған кезде 2020 жылы тамыз айында мекеменің бас есепшісі Айнұр БАЙҒОЖИНА пара алу фактісі бойынша ұсталған екен.
Ал енді биыл бас есепшіге 2020 жылы 302 млн теңге мемлекет қаржысын талан таражға салды деген айып тағылған.
Ынтымақ Мәдиевтің адвокаты Мейірбек ДАУБАЛАЕВ қорғауындағы Мадиев керісінше тергеуге көмек беріп, сыбайлас жемқорлық қызметінен 2020 жылы бірінші қылмысы бойынша күдіктіні бірден сол кезде уақытша жұмыстан шектеуін сұраған екен.
Алайда құзырлы органдар бұл өтінішке 2020 жылы құлақ аспапты. Енді уақыт өте сол уақыт аралығында яғни бас есепші Байғожина қамалмаған кезінде тағы қылмыс жасағаны анықталған.
Мадиев бас есепшінің сол қылмыстарын ашып тергеуге көмектесіп жүріп енді аудандық білім бөлімінің есепшісімен бірге сыбайлас деген күдікке ілініп отыр.
Пикетке шыққан Мадиев ағам бас есепшімен бірге жұмыс та жасамаған. Өйткені 2020 жылы Ынтымақ Мадиев пандемияда Төңкеріс ауылдық округінде әкім міндетін атқарған дейді.
Қамаққа алынған Ынтымақ Мәдиевтің інісі Асылхан Мәдиев тергеуде шикілік көп екенін де алға тартады. Оған сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі қызметкерлерінің қатысы бар деп санайды. Сол себепті істі Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы топ келіп қараса деп талап білдірді.
Жалғыз кісілік акция шамамен жарты сағаттай уақыт өтті. ҰҚК қызметкерлері, полиция, Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы Сейдуали ӘБДІҚАДЫРОВ та орталық алаңға келді. Полиция Мәдиевті қолын қайырып тұрып күштеп алып кетті. Артынша ескерту хаттамасын толтырып жіберген екен.
Оңғар САЙМОСАЕВ
Фотолар автордікі.