QazVolunteer.kz- қазақстандық еріктілер ортасы

Айшолпан КЕРІМ

  • 03.04.2022

Қазіргі таңда қайырымдылықпен тіпті үйден шықпай-ақ, әлеуметтік желі арқылы да айналысуға болады. Мысалы, жақсылық жасап, қайырымдылық пен игі іске себепкер болғыңыз келсе, Instagram желісінде көмекке мұқтаж балаларға ақша аударып, түрлі қайырымдылық науқандарына қатысуыңызға болады. Ал 2019 жылдан бастап елімізде волонтерлік бастамаларды қолдау мақсатымен QazVolunteer.kz онлайн платформасы  іске қосылған болтын. Оған волонтерлік қозғалысқа қатысқысы келетін кез келген адам, сондай-ақ тиісті сипаттағы кез келген ұйым тіркеле алады. 

QazVolunteer.kz платформасы – әлемнің барлық волонтерлері мен волонтерлік ұйымдарының басын бір арнаға тоғыстыратын заманауи алаң ретінде танылды. Мұндағы басты мақсат – еріктілер қозғалысын дамыту және олардың еңбегін елге кеңінен таныстыру. Аталмыш платформа порталында волонтерлікті дамыту жеті бағыт бойынша жүргізіледі, олар:

 

"Bilim" –  білім беру бағыты;

"Saýlyq" –  денсаулық сақтау бағыты;

"Sabaqtastyq" – тәлімгерлік бағыты;

“Taza Álem – табиғат, қоршаған орта, экология бағыты; 

“Asyl Mura” – рухани, тарихи және мәдени құндылықтарды сақтау бағыты;

"Qamqor" – әлеуметтік бағыт; 

“Úmit” – табиғи, техногендік апаттардың салдарын жою. 

"Bilim" бағыты бойынша, аты айтып тұрғандай, ауылдық жерлердегі орта мектептердің жоғары сынып оқушыларына ҰБТ-ға дайындық шаралары бойынша көмек көрсетіліп, ағылшын тіліне, компьютерлік және құқықтық сауаттылық бойынша оқыту жүргізіледі. 

Ал "Saýlyq" бағытына жұмылған волонтерлер денсаулық сақтау мен қорғау саласына, науқастарды күтуде, оның ішінде хоспистерде, онкологиялық диспансерлерде және басқаларында көмек көрсету істеріне жұмылдырылады.

"Sabaqtastyq" тәлімгерлік бағыты бойынша балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне және халықты әлеуметтік қорғау жүйесіне әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарындағы өмірлік қиын жағдайда қалған жастарға, балаларға волонтерлердің тәлімгерлік тәжірибесін енгізу негізге алынған.

“Taza Álem” бағытының негізгі концепциясы – табиғатты қорғау. Мұнда волонтерлерге өзендер мен ормандарды тазалау, ағаштар отырғызу, қоқыстарды іріктеу үйретіледі. 

"Asyl mura" бағыты бойынша еріктілер тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтау бойынша жұмыс жүргізеді. 

"Qamqor" әлеуметтік қайырымдылыққа бағытталған. Мұнда волонтерлерді қарттар үйлеріне, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына тарту қарастырылған. 

"Úmit" бағыты бойынша волонтерлер жоғалған адамдарды іздеу, апаттар қауіпін төмендету, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша, оның ішінде отандастарымыздың Ұлы Отан соғысындағы ерліктері туралы баяндайтын құжаттарды іздестіруге жұмылдырылады. 

 

Бұлардан бөлек, платформада корпоративтік волонтерлік және күміс волонтерлік бағыттары да бар. Корпоративтік волонтерлік бойынша адами капиталдың дамуы, ұйымдар мен ҮЕҰ қатысуымен корпоративті волонтерліктің жағымды практикаларының артуына үлес қосу негізге алынса, Күміс волонтерлік бағыты бойынша жас ерекшелігіне қарамастан азаматтарды волонтерлік қызметке тарту,  еріктілік арқылы аға буынның белсенді ұзақ өмір сүруін дамыту қарастырылған. 

Айта кетейік, жоғарыда аталған бағыттар Қазақстанның барлық аумағын қамтиды. 

Платформа волонтерлік қызметке қатысушылардың өзара бірлесе әрекет жасауына, Қазақстандағы волонтерлер мен волонтерлік ұйымдардың қызметін үйлестіруге, жобаларды, бағдарламаларды және акцияларды ақпараттық қолдаумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Волонтерлер өз қабілеттері туралы ақпаратты осы платформаға орналастырып, тіркеле алады. Сол бойынша жобалар мен іс-шараларды ұйымдастырушылар волонтерлерді оңай тауып, байланысқа шығады. Кейін бұнда жұмыс нәтижесі бойынша волонтерлердің рейтингі қалыптасады.

Байланысты жаналықтар

Бүгін – халық әртісі Нұрмұхан Жантөриннің туған күні

22.04.2024

Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

18.04.2024

Кітап-ең үлкен қазына

12.04.2024

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап»

11.04.2024

«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы мәресіне жетті

07.04.2024

Мәскеуде Кемел Тоқаевтың өмірі жайлы кітап шықты

05.04.2024
MalimBlocks
Бүгін – халық әртісі Нұрмұхан Жантөриннің туған күні

Алматы қаласында актер есімімен аталатын көше бар.

Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

Жазушылар «жоба – елдегі әдеби процеске серпін берген бастама» дейді.

Кітап-ең үлкен қазына

Қазіргі таңда өмірімізде ғаламтордың алатын маңызы зор екені белгілі. Дегенмен, осы уақытқа дейін бүкіл адамзат жинаған білімнің негізі кітапта екені дау тудырмайды.

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2012 жылдың басында жастарға, қоғамға ой салатын «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» деп аталатын жобаны бастаған болатын. Студенттер үшін тиімді, кітап оқудың жеңіл түрін ұсынған алғашқы бастама.

«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы мәресіне жетті

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

Мәскеуде Кемел Тоқаевтың өмірі жайлы кітап шықты

Ол – қазақ тілінде алғаш детектив жанрында қалам тербеген санаулы жазушының бірі.