Сапарбаев неге "командамен" жүретінін айтты

Malim Админ

  • 02.12.2020

Жамбыл обылысының әкімі Бердібек Сапарбаев ОКҚ алаңында тілшілердің «билік жолында командамен жүресіз бе?» деген сұрағына жауап берді.

«Біріншіден, «командамен жүресіз бе?» деген маған алғаш рет қойылып отырған жоқ. Қайда жұмыс істесем де осы сұрақ маған қайта қойылып жатады. Бәріне айтарым: Қазақстанның Конституциясына сәйкес, еліміздің кез келген азаматы Қазақстанның кез келген жерінде еңбек ете алады. Бұл бір. Екіншіден, Ержан Жылқыбаев туралы айтар болсам, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Жамбыл облысының бұрынғы орынбасары лауазымынан босатылған болатын. Ал ол әлеуметтік мәселелер үшін жауап беретін. Өзіңіз білетіндей, Ержан Жылқыбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары болған. Сондықтан бұл саланы бес саусағындай білетін азамат керек болды», - деді Жамбыл обылысының әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында.

Бердібек Сапарбаев күш құрылымдарының аймақтық басшыларын, прокурорларды, ҰҚК-ның өңірлік департаментінің басшыларын Жамбыл облысының әкімі тағайындамайтынын айтты. Бердібек Сапарбаев: «Дәл сол кездегі (Қордайдағы оқиға) жағдайға байланысты бәлкім, бұл істерден хабары бар азаматтар керек болған болар. Ақтөбе облысында террор болған кезде дәл сол қызметкерлер сонда жұмыс істеген. Осыны ескере отырып, Бас прокуратура мен ҰҚК басшысы ұлтаралық қарым-қатынас саласында қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін Жамбыл облысына сіз айтқан (журналист қойған сұрақ бойынша) басшыларды тағайындаған болуы керек», - деді.

Бердібек Сапарбаев жергілікті кадрлардан да өңірлік билікке мамандар тартылып жатқанын айтып өтті. Мәселен, әкімнің орынбасары Талғат Мамаев Жамбыл облысында туған. Сапарбаевтың айтуынша ол орталық және өңірлік деңгейде де қызмет еткен білікті маман. Аппарат басшысы да жергілікті кадрлар қатарынан шыққан.

«Әлбетте ең бірінші кезекте біз жергілікті кадрлар жұмыс істегенін қалаймыз», - деді әкім.

Байланысты жаналықтар

Жамбылдағы қызғалдақтар фестивалінде шу шықты

06.05.2025

Қысым көрсетіліп жатыр: Жамбыл облысына арнайы топ жіберілді

25.04.2025

Жамбыл облысында полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды

24.04.2025

758 млн теңге жымқырған: бас дәрігерінің орынбасары мен бухгалтер сотталды

22.04.2025

Жамбыл облысында үш кішкентай қыз газға уланып көз жұмды

20.04.2025

Жамбыл облысында балаларға арналған 45 миллион теңге ұрланған

18.04.2025
MalimBlocks
Жамбылдағы қызғалдақтар фестивалінде шу шықты

Қонақтар 10 шақырым жаяу жүрген

Қысым көрсетіліп жатыр: Жамбыл облысына арнайы топ жіберілді

Жамбыл облысында полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды

758 млн теңге жымқырған: бас дәрігерінің орынбасары мен бухгалтер сотталды

Жамбыл облысының Қалалық көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары мен бухгалтер сотталды

Жамбыл облысында үш кішкентай қыз газға уланып көз жұмды

Жамбыл облысында үш кішкентай қыз газға уланып көз жұмды

Жамбыл облысында балаларға арналған 45 миллион теңге ұрланған

Қордай ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі мекеменің жан басына шаққандағы қаржыландыруға арналған 45,2 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражаты жымқырылғанын анықтады,