Шетелде қазақ тілін оқыту әдістемесі жасалады

Әрбір дамыған мемлекет әлемдік деңгейде өз тілін, әдебиетін, мәдениетін жер бетінде мүмкіндігінше көбірек адамдарға үйрету, насихаттау, таныстыру және сол арқылы тілдің әлеуетін арттырып отыр.

Malim Админ

  • 22.11.2023

Неміс тілін үйрететін Гёте институты, испан тілінің Сервантес институты, түрік тілінің Юнус Эмре институты, ағылшын тілі мен мәдениетінің Британдық кеңесі, орыс тілі, әдебиеті мен Ресей мемлекеті тарихының Русский Мир қоры әлем бойынша өкілдіктерін ашып, жұмыстарын жүйелі жолға қойған.

Гёте институты әлемнің 80-ге жуық елдерінде қызмет атқарады. Юнус Эмре институты әлем бойынша 58 елде ашылған. Осы тәжірибелерге сүйене отырып,   шетелдердегі қазақ диаспоралары үшін қазақ тілін үйрету бағдарламасының үлгісі қазақ тілінің  А1 қарапайым және А2 базалық,  В1 орта, В2 ортадан жоғары, С1 жоғары деңгейлері үшін жасалып, оқытудың мақсаты, міндеттері, ұстанымдары, мазмұны және оқыту әдістері мен оқу нәтижелері айқындалды.  

 Үкіметтің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 280 қаулысымен «Шетелдегі этникалық қазақтарды қолдау» жөніндегі ісшара жоспарының «Шетелдегі этникалық қазақтардың білім алуына және тілін сақтап қалуына жағдай жасау» тармағына сәйкес оқыту курстары онлайн/офлайн режімде бес тілде, яғни  ағылшын, түрік, француз, неміс, парсы, қазақша оқытылады. Аталған курс «Абай институты» веб-порталының «Қазақша үйрену» қосымшасындағы дайындық кезеңінің оқыту материалдары, «Шетелдегі қазақ диаспорасына арналған «Қазақ тілі» әмбебап оқулығы, «Til-qural», «Sozdikqor», «Emle.kz»   онлайн платформалары, «Қазақ сөзі – 500» , «Қазақ сөзі – 900», «Қазақ сөзі – 1200»,  «Қазақ сөзі – 1500» және т.б. инновациялық оқу құралдарымен оқытылады. 

Оқыту барысында әлемдік тіл үйрету әдістемесі ғылымында қалыптасқан және қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориясы мен практикасында тиімділігі дәлелденген  әдістемелік талаптар басшылыққа алынады. Оқыту коммуникативтік және жеңілден күрделіге  ұстанымдары, геймификация әдістеріне негізделеді. Оқу материалдары әр  деңгейге сәйкес  лексикалық минимумдарды және  сөйлеу әрекетінің төрт түрін игеруге бағытталады.  Сондай-ақ оқу материалының жүйелілігі сақталып,  әріп-дыбыс, сөз, сөз тіркесі, сөйлем, мәтін, диалог, полилог, монолог алгоритмімен беріледі.  

Қазақ тілін үйретудің жалпы мақсаты – түрлі сөйлеу жағдаятында қазақша ауызша және жазбаша сөйлеудің коммуникативтік білігі мен дағдысын игерген   тілдік тұлғаны қалыптастыру. Мұндай мақсатқа бағдарланған қазақ тілін үйрету үдерісінде қазақ тіліндегі білім мазмұнына төмендегідей талаптар қойылады:

•Тілдік материалдар қазіргі заманғы ақиқат өмірмен байланыста беріледі;   

•Әр деңгей бірімен-бірі байланысатын, бірінен екіншісі туындайтын, бірінің міндетін екіншісі ілесе жалғастыратын, тұтастықты сақтаудың сабақтастығынан тұрады; 

•Қазақ тілінен берілетін білім мазмұнының  тек лексикалық минимумдардан ғана емес,  іріктелген грамматикалық минимум  материалдарынан да құралуына  назар аударылады; 

 •Қызығушылыққа, шығармашылыққа ұмтылысты жандандыратын  инновациялық технологиялар, әдіс-тәсілдер ұсынылады;

•Оқыту контенті тіл үйренушінің өмірінде кездесетін тілдік жағдаяттармен салыстыра, салғастыра, байланыстыра алатындай мазмұнда құрылып,  нәтижеге қол жеткізуге бағытталады.  

•Курс бағдарламасы келесі нәтижелерге қол жеткізіледі деп күтілуде: Шетелдерде қазақ тілін оқыту, үйрету, меңгерту курстарының жұмысын жолға қою, жүйеленеді;

•Әлемдік аренада қазақ тілінің әлеуеті артады;

•Дәстүрлі түрде қазақ тілін, әдебиеті мен мәдениетін ілгерілетуді, танымал етуге бағытталған шаралар өткізу регламенті жасалады;

•Республикада және шетелде мемлекеттік тілді оқыту, қазақ тілінде ашық білім беру бағдарламаларының жалпыға қолжетімділігі қамтамасыз етіледі;

•Қазақ тілін, әдебиеті мен фольклорын үйренуге, ұлттық мәдениетті насихаттауға арналған форматтар мен материалдарға қазақ диаспоралары мен ирриденттердің қажеттілігі бағаланады;

•«Абай үйі» қазақ мәдени-іскерлік орталықтары жанынан Орталықтың филиалдары мен жоғары оқу орны жанынан құрылған тіл оқыту орталықтарымен байланыс орнатылады; 

•Шетел азаматтары мен қандастарға халықаралық сертификат тапсыру мүмкіндігі беріледі;

•Қазақстанға қоныс аударуды жеңілдету және жұмысқа орналасу тетіктері іске қосылады.

Айгүл Әділбекқызы,
«Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ҰҒПО» КеАҚ
«Абай институты» бөлімінің жетекшісі

Байланысты жаналықтар

Шетелден қаржыландырылатын тұлғалар тізімі жарияланды

18.03.2025

«Құқығым бар»: Қорғаныс министрінің орынбасары қазақ тілінде жауап беруден бас тартты

27.02.2025

Шетелдегі қазақстандықтар бюджетке 5,4 млрд теңге жіберді

25.02.2025

Наурыз айында шетелден әкелген телефондар бұғатталатыны рас па?

13.02.2025

Қандай пәндердің мұғалімдері әлсіз? Министр Бейсембаев ұстаздардың осал тұсын айтты

08.02.2025

Танымал әншінің әйелі өлең оқып, қазақ тілін үйреніп жүргенін көрсетті

20.01.2025
MalimBlocks
Шетелден қаржыландырылатын тұлғалар тізімі жарияланды

Төменде толық тізім көрсетілді

«Құқығым бар»: Қорғаныс министрінің орынбасары қазақ тілінде жауап беруден бас тартты

Шетелдегі қазақстандықтар бюджетке 5,4 млрд теңге жіберді

Наурыз айында шетелден әкелген телефондар бұғатталатыны рас па?

Қандай пәндердің мұғалімдері әлсіз? Министр Бейсембаев ұстаздардың осал тұсын айтты

Бұл білім беру бағдарламалары қайта қарауды талап етеді

Танымал әншінің әйелі өлең оқып, қазақ тілін үйреніп жүргенін көрсетті

Желі қолданушылары төртінші сәбиін күтіп жүрген Аишаға жылы лебіздерін білдірді